Categories: Экономика

Биыл мемлекеттік бюджетке түсім 30%-дан астамға артқан

Биыл қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша, мемлекет бюджетіне 14,8 триллион теңге түсті. Бұл былтырмен салыстырғанда 31,1 пайызға көп, — деп хабарлайды Ranking.kz.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтыр мемлекет бюджетіне 11,3 триллион теңге түскен.

Мемлекеттік бюджетке түсетін қаржының 71,9 пайызы салық: 10,7 триллион теңге. Оның ішінде:

  • қосылған құн салығынан түсетіні — 4,2 триллион теңге,
  • табыс салығынан — 3,8 триллион теңге,
  • халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтардан — 1,6 триллион теңге,
  • әлеуметтік салықтан — 741,2 миллиард теңге,
  • меншік салығынан — 351,5 миллиард теңге.

Салықтық емес түсімдер бір жылда 39,5%-ға, 343,7 млрд теңгеге дейін өсті. Оның ішінде:

  • мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 140,4 млрд теңгені,
  • мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар — 79,4 млрд теңгені,
  • мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін түсімдер — 2,5 млрд теңгені құрады.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бір жылда бірден 33,8%-ға, 171 млрд теңгеге дейін өсті. Оның ішінде мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түскен кірістер 145,9 млрд теңгені, жер мен материалдық емес активтерді сатудан — 23,8 млрд теңгені, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан — 1,3 млрд теңгені құрады.

Трансферттер түсімі бір жылда 7,6%-ға, 3,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago