6 айлық баласы бар әйелді күйеуі көшеде пышақтап кетті

Әйел адам жұмыстан шығып, үйіне кетіп бара жатқан кезде ту сыртынан бес жерден пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бір ай бұрын ажырасып кеткен Павлодарлық әйел күтпеген жерден күйеуінің шабуылына тап болды. Амангелді көшесі бойымен келе жатқанда Назарбаев даңғылының қиылысында артынан күйеуі шабуылдап, беті мен иық тұсынан, басы мен қолынан бес рет пышақ сұққан.

Бұл туралы НеМолчиKZ қорының президенті Дина Таңсәрі Іnstagram әлеуметтік парақшасында жазды.

Менің үш балам бар. Ең кішісі – алты айлық. Күйеуіммен бір айдан астам бірге тұрмаймыз. Қорғаныс ұйғарымы болған. Үнемі айыппұлмен құтылып кетеді. Бұған дейін Ақсу қаласының ішкі істер бөліміне  жүгіндім, дегенмен ешбір нәтиже болмады,  

дейді жәбірленуші.

17 қараша күні жолдасы жасырын нөмірден қоңырау шалып, өлтіремін деп қорқытқан. Жұмыстан шыққан кезде әкесі жолдан алып кету керек болған. Сол сәтте телефонмен тәтесімен сөйлесіп тұрған кезде жолдасы пышақпен жарақаттаған. Қарсылық таныта бастаған кезде бетінен пышақпен тіліп, иығы мен сол жақ қолын жарақаттаған.

Мен телефоннан өлтіріп жатыр деп айқайлай бастадым. Сол кезде ол пышақты қалтасына салып, № 24 мектеп жаққа қарай кетті.  Әрі қарай тәтем анама қоңырау шалды, мен 102 нөміріне хабарласып үлгердім. Олардан жедел жәрдемді шақыруды сұрадым,

дейді ол.

Жедел жәрдем келгенге дейін жәбірленуші көп қан жоғалтқан. Полиция тағы да денсаулыққа жеңіл дәрежеде зиян келтірілді деп, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде тіркеген. Ал ол қылмысты алдын ала жоспарлап, өлтіруге келгені анық.

Қор жетекшісінің жазуынша, күйеуінен зардап шеккен әйелдің бетін тіккен, енді ол тыртық өмір бойына қалады. Сондай-ақ ол қорғау ұйымдарының нәтижесі жоқ екенін айтқан.

Облыстық полиция департаментінде аталған факті бойынша материал Павлодар қаласы полиция басқармасы орталық полиция бөлімінде тіркелген. Тексеру жүргізілуде, барлық материалдар зерттеледі. Сараптама тағайындалды, соның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago