6 жасар бала мұғаліміне оқ атты, АҚШ «Вагнер» әскерінің әрекетіне алаңдаулы. 10 қаңтардағы шолу

Ресейдің ЧВК «Вагнер» әскери тобы өзінің әрекетін тек Украинада емес, басқа елдерде де жалғастырып жатқан кезде АҚШ-тан түрлі жантүршігерлік хабарлар келіп жатыр: 6 жасар бала өзінің алғашқы мұғаліміне оқ атқан.

АҚШ ЧВК «Вагнер» әскерлерінің Украинадан басқа да аумақтардағы әрекетіне алаңдаулы

АҚШ ресейлік миллиардер, кәсіпкер Евгений Пригожин басқаратын ЧВК «Вагнер» ресейлік әскери компаниясы әскерлерінің Еуропа мен Африкадағы іс-қимылдарын бақылап келеді. Бұл туралы Politico хабарлады.

Басылымның мәліметінше, бұл топ әскерлері өзінің «арнайы операциясын» тек Украина аумағында емес, сонымен бірге Орталық Африка Республикасында, Малиде, Сербияда да жүргізіп жатыр.

Америкалықтардың бағалауынша, осылайша Ресей өздеріне экономикалық пайда әкелетін факторларды қорғап қалмақ, оған қоса Путиннің қас-қабағына қарап отыр. Дегенмен Кремль «Вагнер» тобының әрекеттерімен еш байланысы жоқ екенін мәлімдеп отыр.

АҚШ әкімшілігінің аға өкілдерінің бірі басылымға Үкіметтің «Вагнер» тобының егеменді елдердің ішкі саясатына араласып жатқанына, адам құқықтарын бұзып, оларды табиғи байлығынан айыруға тырысып жатқанына алаңдаулы екенін жеткізді.

Евгений Пригожин мен оның құрған «Вагнер» әскери компаниясы көп жылдан бері АҚШ санкциясына ұшыраған. Жақында АҚШ вагнерлердің қаруға қолжетімділігін де шектегісі келді. Нақтырақ айтқанда, Байденнің әкімшілігі қосымша экспорт бақылау шараларын енгізіп, ресейлік әскерилерге АҚШ технологиясын, қару-жарағын алуды қиындатты.

Ақ үйдегі Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің өкілі Джон Кирбидің айтуынша, АҚШ-тың санкциялары мен экспортты қатаң бақылауынан «Вагнер» компаниясы қару-жарақты дүниежүзі бойынша іздеуге мәжбүр етті. Ал Bloomberg агенттігі АҚШ-тың ЧВК «Вагнер» әскери тобын террористік ұйымдар тізіміне қосуды жоспарлағанын жазды.

Ұлыбританияның сәтсіз эксперименті

Дүйсенбіге қараған түні Virgin Orbit компаниясы алғаш рет Ұлыбритания аумағынан орбитаға ғарыш аппаратын ұшырды. Алайда тарихи оқиға сәтсіз аяқталды. Бұл туралы BBC арнасы хабарлады.

Гринвич күнтізбесі бойынша сағат 22.00 шамасында модификацияланған Boeing-747 ұшағы Корнуоллдағы Ньюки әуежайынан тоғыз спутникті орбитаға арнайы зымыран тасығышпен ұшты.

Boeing-747 ұшағы Атлант мұхиты арқылы батысқа қарай шамамен бір жарым сағат ұшқаннан кейін шамамен 10,7 км биіктікте зымыранды сәтті ұшырды, содан кейін ол бірінші сатыдағы қозғалтқышты іске қосып, орбитаға көтеріле бастады.

Жерден 500 км-ден астам биіктіктегі LauncherOne зымыраны мұхитты бақылаудан бастап навигациялық функцияларға дейін азаматтық және әскери мақсатта пайдалануға болатын тоғыз шағын спутникті орбитаға шығуы керек еді.

Алайда Virgin Orbit компаниясының мәлідеуінше, «аномалия» салдарынан зымыран жер орбитасына шыға алмады.

Дегенмен басылым бұл миссия Ұлыбританияның болашақ ғарыш стратегиясының бірінші кезеңі ғана екенін атап өтті.

Шотландиялық Skyrora және Sorbex компаниялары қазір зымыран жерден тік көтерілгеннен кейін орбитаға көтерілген кезде дәстүрлі ғарышқа ұшыру жүйелерін құру үстінде. Мұндай аппараттар 2023 жылдың соңына дейін ұшырылуы мүмкін деп болжанып отыр. Ал ғарыш айлағы Шетландта және Ұлыбританияның солтүстігіндегі Сатерлендте орналасады.

6 жастағы мерген алғашқы мұғалімін оқ атқан

Вирджиния штатындағы бастауыш мектепте бірінші класс оқушысы сабақтың дәл ортасында мұғаліміне оқ ата бастаған. Мұғалім абдырап қалмай, бірден оқты өзіне қабылдап, басқа оқушыларды құтқарып қалған. Fox News қазір педагогке ешқандай қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

Жергілік полиция өкілдерінің мәліметінше, баланың сабаққа көтеріп келен тапанша — анасының қаруы. Ал анасы оны заңды түрде сатып алған.

Полиция оқиға кезінде 25 жастағы мұғалім Эбби Цвернермисстің қолы мен кеудесінің жоғары жағы жараланғанын анықтаған. Дегенмен педагог жарақатына қарамастан кластан 17-20 оқушыны аман алып шыққан.

Полиция өкілі атысқа дейін класта ешқандай конфликт болмағанын айтады. Агрессия үстіндегі кішкентай бала бір рет оқ атып үлгерген. Кейін басқа мұғалім класқа кіріп, оны тоқтатқан.

Алғашында жарақат алған мұғалімнің жағдайы мүшкіл делінген еді. Қазір ол ауруханада жатыр, дегенмен жағдайы жақсы.

Полиция баланы кластан шығарып, оның қолындағы 9 миллиметрлік Taurus қаруын тәркіледі. Ал құқық қорғау органдары анасынан түсініктеме алды.

Полиция өкілі Дрю тергеу аяқталғаннан кейін ғана баланың анасына қандай жаза берілетіні хабарланатынын айтты,

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago