Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > 60 млн теңге: Балгерлер мен тарологтар қалай алдайды?
Басты жаңалықтарҚоғам

60 млн теңге: Балгерлер мен тарологтар қалай алдайды?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 19.08.2022
Обновлено 19.08.2022 в 05:08
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Әлемжелі арқылы болашақты болжайтындар саны көбейген.

Олар Instagram, TikTok желілері арқылы өз қызметтерін жарнамалап, халықтың назарын аударады.  Мазасызданып жүрген жұрт алдында не күтіп тұрғанын білуге құмар. Бүгінгі өміріне көңілі толмайды ма, өткеніне өкінеді ма… Ішкі дертінен айырылу үшін осындай «бақсы-балгер» көмегіне жүгінуге әуес. Адамның психологиясын жақсы білетін балгерлер мен тарологтар қарапайым алгоротим бойынша жұмыс істейді. Ақшасын берсең болды, тәтті өтірігін айтып кетеді. Бүгінде оларды табу қиын емес, ғаламторды аш та, таңдап ал.

Расымен, біз айтып отырған «ғажайып» адамдар алдымен бағдарламалап алатын сияқты. Проблемаларын айқын ашып берген соң, адам сеніп, келесі күні тағы да келеді. Сондай жағдайдың біріне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны тап болды. Жанұясын қарғыстан тазарту үшін бір жыл ішінде 60 миллион теңгесінінен айырылған.

Зардап шеккен адам балгерге жүгінген, ал балгер отбасына және өзінде қарғыс бар екенін түсіндіріп, тез арада алып тастау керегін айтқан. Осылайша бір жылда қомақты қаржысынан айырылған,

деді Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің басшысы Талғат Жолдасов.

Психолог мамандардың айтуынша, өзін ғайыпты білуші етіп жариялаған бақсы, емші, көріпкелдерге кінә артып қажеті жоқ. Олар көше кезіп мойныңа жабыспайды, адамдар жәрдем іздеп өздері барады.

Адамдар проблемаларының шешімдерін қандай да бір сиқырлы күштен тапқысы келеді. Мен бұны сыйқырлы немесе мифтік ойлауға жатқызамын. Мұндай адамдарды басқару өте оңай. Олар жылдам нәтижеге қол жеткізу үшін, жиған тергенін беруге дайын,

дейді психолог Дана Курганова.

Мамандар алданып қалмас үшін, ең алдымен «маған бұл не үшін керек» деп сұраған жөн деп кеңес береді. Біздің халық өзінің ішкі дүниесін танып білуге күш-жігер жұмсағысы келмейді. Тылсым күшке бәрін артып, аяғын аспанға салбыратып жатқаны болмаса. Кез келген нәтижеге қол жеткізу үшін ең алдымен өзіңнен бастаған абзал.

Психологқа бару – ұят емес

«Бәлкім, әдетке айналғандықтан ба, әлде сауатсыздықтан ба, халық маманнан гөрі көріпкел-балгерге жүгінгенді жөн көреді», — дейді мамандар.

Қоғамда қалыптасқан стреотип те кері әсерін тиігізіп жатыр. Психолог немесе психотерапевт мамандарына жүгінуді біреулері ұят көрсе, енді бірі «есінен алжасқандар қаралады» деп біледі. Шындығында, психолог мәселені шешпейді, шешу жолдарын көрсетеді. Ол келушінің өмірде не қалайтындығын бейсаналық деңгейден саналы деңгейге шығаруға мүмкіндік жасайды. Яғни, әңгімелесу арқылы клиенттің өмірін көз алдына келтіреді. Сол кезде адамның ішкі дүниесі (бейсаналы деңгей) қандай шешім қабылдау керегі туралы өзі таңдау жасайды.

Көріпкелдікті әшкерелеу

Танымал америкалық иллюзионист Джеймс Рэнди алаяқ экстрасенстерге қарсы жан аямай күресіп жүргендердің бірі. Оның айтуынша, табиғатта мұндай тылсым құбылыстар болмайды. Рэнди көріпкелдердің адамдарды психологиялық трюкпен алдайтынына сенімді. Фокусник бақсы-балгерлерді әшкерелеуге әбден беріліп, 1996 жылы арнайы қор ашты. Ұйым көріпкелдік қабілетін дәлелдей алған адамға 1 миллион 112 мың доллар беруге уәде етеді. Алайда қаражат иесін тапқан жоқ. Үміткерлердің ешқайсысы ұйымның сынақтарынан өте алмапты. Джеймс Рэнди 2020 жылы, 92 жасында қайтыс болды.

«Сұрқиялық пен өтірік» атты кітабында Джеймс Рэнди адамдардың көріпкелдерге неге шын жүректен сенетінін түсіндіреді. Оның пікірінше, адамдар жоқ жерден байланыс іздеп, себеп-салдарын қазбалауға бейім келеді. Көріпкелдерге плацебо эффектісі жақсы көмектеседі, дейді Рэнди. Яғни, бақсы түйткілді мәселені қозғап жіберсе, клиент бәрін өзі жайып салып, өзі де біраз жеңілдеп қалады.

Ислам не дейді?

Бал ашу — болжам жасаудың (ғайыптан хабар берудің) ертеден келе жатқан түрі. Ал, ғайып деп келешекке тән нәрселерді айтамыз. Сондықтан, балшылар тобына өзін ғайыпты білемін деп жария қылушылардың барлығын жатқызамыз. Мысалы, сиқыршылар, тәуіп, емшілер, көріпкелдер, құмалақшылар, жұлдызшылар, бақсы-балгерлер және т.с.с. Олар түрлі тәсілмен ғайыптан хабар берумен, сиқыр жасаумен айналысады. Адамның өткен шағы мен болашағы жайлы айтқысы келеді. Олар карта, кофе, тас немесе құмалақ пайдалануы мүмкін.

Ислам дінінде бақсы-балгер және оларға барып келешегін сұрап барған адам күнәһар болып саналады. Бал ашқан адам ғайыпты айтамын деп тіпті діннен шығып кетуі де мүмкін. Кейбірі емші, балгерлерді қасиетті адам деп есептейді, сөйтіп шатасып, адасады. Ислам ғалымдарының пәтуасы бойынша көріпкелдікпен айналысу харам (тыйым салынған) етілген. Демек, шариғат рұқсат етпеген жолмен келген кез келген ақша да харам болып саналады.

Осы тақырып төңірегінде редакция полиция департаментіне сұраныс жіберген еді. Бір қызығы, Алматы тұрғындарынан бірде-бір арыз түспеген. Алаяқтық фактілері тіркелмепті. Демек, халық алданған жағдайда өз кінәсін түсінеді. Яғни, бұл қадамға білімнің жетіспеушілігі мен сананың төмендігі итермелейді. Сондықтан «сақ жүрсең, сау жүресің» деген қағидатты естен шығармаған жөн.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 19.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?