Әлеуметтік желіде 60 мың теңгелік банкнот айналымға шыққаны туралы видео тараған болатын. Ұлттық банк осыған қатысты ресми мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіде тарап жатқан 60 мың теңге номиналындағы банкнот шыққаны туралы мәлімет шындыққа жанаспайды,
делінген хабарламада.
Жаңа номинал шығару үшін ел экономикасының қажеттігінен туындаған объевктивті себептер болуы керек. Қазіргі таңда ондай қажеттілік байқалып тұрған жоқ. Осылайша жаңа номинал шығару туралы жоспар жоқ.
Қолданыстағы банкноттары туралы ақпаратты Ұлттық банктің сайтынан алуға болады.
Ұлттық банк мамандары жаңа номиналдағы банкнот шығатын болса, ол туралы мәлімет әуелі қаржы реттеушісінің тарапынан берілетінін еске салады.
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан шығару тәртібі туралы шешімдерді Қазақстан Ұлттық банкі қабылдайды және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады,
делінген ресми мәліметте.