Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > 60-жылдардың ұшағы, шұрық-тесік жол: Алакөлдегі демалыс
Қоғам

60-жылдардың ұшағы, шұрық-тесік жол: Алакөлдегі демалыс

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 10.08.2023
Обновлено 10.08.2023 в 04:08
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

2022 жылы жаздың үш айында 1,5 миллион турист, ал 2021 жылдың сәйкес кезеңінде 1,3 миллион тұрғынның таңдауы Алакөлге түскен. Биыл бұл көрсеткіш тағы артады деген болжам бар. Өйткені, Үржарға бағытталған ұшақ билеттері алдын ала сатылып, жергілікті қонақ үйлер мен туристік кешендерде бос орын болмай тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алакөлге барып, демалуды таңдағандар қатарында ҚР Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та бар. Отбасымен емдік қасиеті бар көлге барып, демалып келген халық қалаулысы отандық туризмнің інжу-маржаны Алакөл аймағындағы жазғы каникулы туралы айтып берді.

Мен өзім шығыстың баласымын, туған жерім – Семей қаласы, Алакөл бізге жақын. Жалпы, бұл – ата-анамызбен, қазір бала-шағамызбен демалатын мекен. Алакөлден бөлек, шетелде де демалып жүрміз, оны жасыратын ешнәрсесі жоқ. Салыстырмалы түрде қарасақ, әрине, отандық туризмнің кемшін тұстары бар, тіпті, орасан,

дейді депутат.

Мысалы, Алакөлге баратын жол нашар. Пойыздың өзі Астанадан 18 сағат жүріп барады. Кейбір вагондарда кондиционер жоқ. Тальго пойыздарда ол бар, ал енді жай пойыздарда ешқандай жағдай жасалмаған. Демалуға бара жатқан адамды одан сайын шаршатып жібереді немесе демалған адамды қайтқан жолда шаршатады.

Осы жолы біз көлікпен қайттық. Таксидің дөңгелегі жарылды, мысалы. Көлікті жөндеп, жолда бір сағат тұрып қалдық. Парламентте алтыншы, жетінші, сегізінші шақырылымда да бұл мәселені көтердік. Біздің Комитетке (Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – авт.) Мәдениет және спорт министрлігі қарайды. Отырыстарда да талай рет көтердік. Айналып келгенде, «баяғы жартас, сол жартас».

Қазір Алакөл көліне үш жолмен жетуге болады: ұшақпен, пойызбен және көлікпен.

Алакөлге көбіне туристер Ресейден келетін. Соңғы жылдары өзіміздің қазақтардың көп келетіні қуантады. Яғни, сұраныс артты. Бұл жердің суы да, ауасы да, балшығы да пайдалы. Балшық буын мен тері ауруларына, радикулит пен дене жарақатын жазуға ем. Саздың құрамында кремний көп, иммунитетті жақсартады. Көлдің (Абай облысы, Жарбұлақ ауданы) суы тұзды. Құрамында хлор мен натрий тұздары, хлорлы натрий сульфаты, фтор мен бром көп.

Бұл ретте, айта кетерлігі, Алакөл көлі – Қазақстанның ішкі су айдындары арасында екінші орында және еліміздің ағынсыз көлдері арасында жалғыз терең су. Оның тереңдігі – 54 метр. Жазда судың температурасы 24-26 градусқа жетеді. Алакөл өзінің емдік қасиеттерімен және қолайлы энергиясымен танымал. Туристер судың мөлдірлігін ерекше тамсанып, айтады.

Сондықтан, Алакөлдің туристерді қабылдауға потенциалы өте жоғары. Бірақ, жолды жөндеу керек. Ескірген пойыздардан бөлек, ұшақ мәселесі бар. Семейден Үржарға ұшатын АН 24 ұшағы 1962 жылдан бері қолданыста. Яғни, ескі. Ұшақты жаңартса, сонымен қатар халықаралық рейстерді көбейтсе, Ресейден ғана емес, басқа да елдерден туристер келер еді. Өкінішке қарай, осындай мәселелер бар.

Алматыдан Ақши курорттық кентіне дейінгі трасса жөндеуден өткені белгілі. Орташа 100 км/сағ жылдамдықпен жүруге болады. Алайда, жүргізушілер жаңа трассада жол бойында бірде-бір қызмет жоқ екенін айтады. Тіскебасар алу немесе жанармай құю үшін елді мекендерге соғу керек, әдетте, олар бірнеше шақырымнан кейін ғана көрініп отырады.

Ал, шығыс аймақтан «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолы арқылы жетуге болады. Биыл бұл автожолды қайта жаңарту жалғасуда. Бұдан басқа, облыстық бюджет қаражатынан ұзындығы 3,4 км көл жағалауындағы жолдарды жөндеу үшін 149 млн теңге бөлу қарастырылған. Абай облысының Үржар ауданындағы Алакөл жағалауында демалу үшін орташа тәуліктік чек 13-14 мың теңгені құрайды. Жалпы, Алакөлдегі ең кішкентай қонақ үй бір уақытта 35 демалушыны қабылдай алады, ал ең үлкені – 500 адамға дейін. Демек, қызмет көрсету сапасы да жол мәселесімен күн тәртібінде қатар тұр.

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 10.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?