Қазақстанда 65 жастан асса да әлі жұмыс істеп жүрген 82 мыңнан астам зейнеткер бар. Олардың көпшілігі жылы кабинетте отыратын кеңсе қызметкерлері емес.
2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша әлі жұмыс істеп жүрген зейнеткерлердің саны 82,7 мың адамды құрады. Олардың арасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те бар. Бұл жас санатындағы қызметкерлер саны 2020 жылы күрт өскен. Ол кезде жұмыс істейтін зейнеткерлер саны бірден 21,7 мыңға өсіп, 65,3 мыңнан 87 мың адамға жеткен.
2021-2022 жылдары көрсеткіш аздап төмендеген — 4,4% және 0,6%.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, БҚО, Түркістан облысы, Астана және Шымкент қалаларында 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлер жоқ екені белгілі болды.
2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлер саны әр өңірде әр қилы. Осы санаттағы қазақстандықтардың көпшілігі солтүстік және орталық өңірлерде тұрады. Ресми ескерілгендердің жартысына жуығы (49%) Қостанай (20,9 мың адам) және Ақмола (20 мың адам) облыстарында. Сондай-ақ Қарағанды (9,4 мың адам), Павлодар (10,4 мың адам) және Солтүстік Қазақстан (10,8 мың адам) облыстарында да баршылық.
Қалған өңірлерде көрсеткіштер айтарлықтай төмен, ал ең төменгі көрсеткіш Қызылорда және Маңғыстау облыстарында тіркелді: 115 және 244 адам.

Осы жас санатындағы барлық жұмыс істейтін зейнеткерлердің 75%-дан астамы ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді (62,4 мың адам).
Экономикалық 4%-ы қоймаларда немесе жүргізуші болып жұмыс істесе (3,6 мыңнан астам азамат), ал 3 мың адам медицина саласының қызметкерлері.
Құрылыс (2,2 мың) және өнеркәсіп (2,3 мың) сияқты қиын салаларда 65 жастан кейін де жұмыс істеп жатқан азаматтар баршылық. 2022 жылы олардың саны пандемияға дейінгіге қарағанда көбірек болды: 3,2% және 37,8%. Бірақ мемлекеттік органдардағы басшылар мен әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері саны кеміді: 2019 жылғы 3-тоқсанмен салыстырғанда 40,4%-ға азайды.
Алайда басқа салалармен салыстырғанда мемлекеттік қызметкерлер арасында зейнет жастан кейін де жұмыс істеуге дайын адамдар аз болды.
Өткен жылдың 3-тоқсанында ондай 268 зейнеткер тіркелді. Олардың арасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бар.
Былтыр елімізде 65 жастан асқан басшылар, заң шығарушылар мен мемлекеттік қызметшілер саны бар болғаны 58 адам тіркелді.
Қазақстанда қартайған басшылардың жалпы саны 1,4 мыңнан сәл асады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе аз.

Жасы 65-тен асқан ресми түрде жұмыс істейтін зейнеткерлердің көбі профессор, әкім, ғылым докторы секілді өскелең ұрпаққа білім беретіндер емес. 67,9% немесе 56,1 мың адам жұмыс істейтін зейнеткер біліктілігі жоқ жұмысшылар екені анықталды. Тағы 8,6%-ы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, сататын шаруалар.