Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > 67 мың теңге айлықты 30 күнге қалай жеткізеді? — Ринат Зайытов шенеуніктерге хат жазды
Қоғам

67 мың теңге айлықты 30 күнге қалай жеткізеді? — Ринат Зайытов шенеуніктерге хат жазды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 13.12.2022
Обновлено 13.12.2022 в 10:12
Поделиться
Поделиться

Ақын, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Ринат Зайытов күннен күнге кедей күйге түсіп бара жатқан халықтың әлеуметтік мәселесін көтеріп, бір топ шенеунікке әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы хат жазды. Ол хатын премьер-министр Әлихан Смайыловқа, президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеуге, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринге, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға және Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа жолдады.

«Бұл хатты жоғарыда аты аталған лауазымды тұлғаларға жолдауымның себебі, қойылғалы тұрған сұрақтың нақты жауабын тек солар ғана бере алатынын білемін. Өкінішке қарай, көтерілгелі тұрған мәселе жалғыз Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ғана емес, күллі халықтың қабырғасына батып тұр»,

дейді Ринат Зайытов.

Ақын президентті ұлықтау рәсіміне қатысқанын, бәрін өз құлағымен естігенін, сол үшін бір сұрақ қойғысы келетінін жазған.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры Алматы қаласына ғана емес, Қазақстан мемлекетінің барлық аумағына атадан қалған асыл мұра – ұлттық дәстүрлі өнерімізді жаңаша үлгіде таныстырып, насихаттап отырған бірден-бір мекеме. Менің бұл театрға тағайындалғаныма 703 күн болды. Аталған уақыттың ішінде ұлттық өнерге, мәдениетке бар күш-жігерімен үлес қосып, өз мемлекетінің қарыштап дамуын қалайтын азаматтардың бар екеніне менің көзім әбден жетті. Ол – аталмыш театрдың ұжымы»,

дейді ол.

Бұдан кейін басшы қол астындағы қызметкерлерінің қанша алатынын айтып, нақты мысал келтірді. Көбінің жалақысы мардымсыз.

«Айналаны жайлаған қымбатшылық театрды да айналып өтпейтіні анық. Күні кеше біздің депутаттардың ішінен «Қазақстанда кез келген азаматтың өмір сүруі үшін 100 мың теңге жетеді» деп жұртты шулатыпты. Халық оны жерден алып жерге салды. Ендігі сұрақ: Алатау театрының кассирі А. Сәрсенова үш баланың анасы. Ипотека төлеп отыр. Айлығы 74 705 теңге. Дәл осындай жағдайдағы контролер Г.Рахымғалиева 72 791 теңге алады. Ал үйі жоқ үш баланың анасы контролер Р. Табанова 67 044 теңге айлықты қанағат тұтуға мәжбүр. Тағы сол сияқты 100-ден аса мысал келтіре аламын»,

дейді театр директоры.

Ринат Зайытов шенеуніктерден «осы ақшаны аталған адамдар 30 күнге қалай жеткізеді?» деп сұрайды.

«Жауабын сіздер білулеріңіз керек. Олай дейтін себебім, мемлекеттің шешуші лауазымдарына орналасып, теледидардан «Қазақстан дамып келе жатыр, елдің жағдайын жаман дейтіндер экстремистер, популистер мен арандатушылар» деп айдар тағып отырған өздеріңіз. Мені де сол қатарға оңай қоспауларыңыз үшін сұрағыма қанағаттанарлық жауап тауып бере алсаңыздар, қызметімді өз еркіммен босатып, сіздердің тараптарыңызға бірде бір жаман сөз айтпай, берген барлық мадақ-атақтарыңызды қайтарып беріп, сонымен қатар айтыстан ұтқан «Асыл домбырамды» сыйға тартуға уәде беремін»,

дейді Ринат Зайытов.
ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 13.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?