Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «7-9 балға жетуі мүмкін»: Шығыс Қазақстаннан Қызылордаға дейінгі аймақта жер сілкіну қаупі бар
Қоғам

«7-9 балға жетуі мүмкін»: Шығыс Қазақстаннан Қызылордаға дейінгі аймақта жер сілкіну қаупі бар

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 09.02.2023
Обновлено 09.02.2023 в 12:02
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Соңғы 5 жылда Қазақстанда 40 мыңға жуық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ТЖМ Сейсмология институты мәлімдеді, деп хабарлайды  Halyq Uni. 

Сейсмология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нұрсарсен Өзбековтің айтуынша, еліміздің бірқатар өңірі сейсмикалық қауіпті аймақта тұр.

Шығыс Қазақстан облысынан бастап, Қызылорда облысына дейін жерасты дүмпулері 7-9 баллға дейін жетуі мүмкін сейсмикалық қауіпті жерлер бар. Әсіресе, Алматы облысы бұл жағынан Орталық Азиядағы өте қауіпті аймақта орналасқан. Бұрын бұл жерде күшті жойқын жер сілкінісі бірнеше рет болған. Мәселен, 1887 жылғы Верный жер сілкінісін және 1911 жылғы Кемин жер сілкінісін айтуға болады,

деді ол.

Сондай-ақ институт мамандары қазір еліміздің сейсмикалық қауіптілік картасын әзірлеп жатыр. Сейсмикалық аудандау, аймақтарға бөлу деп аталатын карталарда мұнда сейсмикалық қауіпті, сейсмикалық белсенді аймақтардың сейсмикалық әлеуетінің көрсеткіші  де көрсетілетін болады. Сонымен қатар, басқа карталар да құрастырылған, оның ішінде елді мекендер үшін жасалған карталар бар. Мәселен, Алматы қаласы  үшін  сейсмикалық микроаймақтандыру картасы әзірленді.

Соңғы бес жылда Қазақстан аумағында сейсмикалық аспаптармен 40 мыңға жуық жер сілкінісі тіркелді. Бұл геологиялық аймақтың сейсмикалық көріністегі өмірі. Яғни, аппаратуралар болмаса, адамзат баласының бәрі бірдей сезе бермейтін өте нәзік сілкіністер,

деп қосты Нұрсарсен Өзбеков.

Оның айтуынша, халық мейлінше сезінген жер сіліністері болған. Мәселен, соңғы бес жылда Қазақстан аумағында 66 сейсмикалық оқиға тіркелді. 2018 жылы – 20, 2019 жылы – 11, 2020 жылы – 15, 2021 жылы – 11, 2022 жылы – 9. Алматыда айқын сезілген соңғы жер сілкінісі 2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматыдан 190 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытайдың шекаралас жерінде болды.

Сейсмологиялық жағдайды бағалау үшін Сейсмология институтының қызметкерлері әртүрлі өзектілік бойынша болжамды бағалаулар жасайды. Айталық,орта мерзімді болжам  және қысқа мерзімді болжамдар бар. Орта мерзімді жоспар жылына екі рет – жылдың  басында және ортасында нақтылаумен құрастырылады. Күні кеше ғана біз Алматы полигоны аумағындағы жер сілкінісінің орташа мерзімді болжамы бойынша қорытынды әзірлеп, уәкілетті органдарға тапсырдық. Бұл тұжырымға сәйкес, 2023 жылы Алматы полигоны аумағында жеті баллдық күшті жер сілкінісі күтілмейді,

Сейсмология институты директорының орынбасары Нұрсарсен Өзбеков.

Экономист Расул Рысмамбетовтың пікірінше, Түркияда болған зілзала қазақстандық құрылыс компанияларына берілген кезекті белгі деп есептейді.

Түркиядағы трагедия – қазақстандық құрылысшылар мен құрылыс компанияларына берілген кезекті белгі. Бізде тұрғын үйлер салынғаннан кейін бір жыл өтер-өтпестен іргесі сөгіліп,  батпаққа батып жатады. Қазір бірқатар құрылыс компаниялары құрылыс нормалары мен ережелерін қайта қарау үшін маңызды лобби құрғанын білемін, қабырғаларын жұқа, сатысын жіңішке етіп салуға болады деп ойлайды. Бұған жол бермеу керек, сондықтан рұқсат алуды және құрылыс сапасына қойылатын талаптарды өзгертуді жеңілдету өте маңызды,

деді экономист.

Еске сала кетейік, Түркияның Сириямен шекаралас өңірлерінде 7,6 баллдық ыжер сілкінісі болды. Соңғы ақпапатқа сәйкес, жер сілкінісі болған жерлерде 5 775 нысан зақымданды. Қайтыс болғандар саны 12 мыңнан асты. 62 914 адам жарақат алды.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 09.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?