Угандада 70 жастағы әйел егіз босанды. Сафина Намуквая ЭКО әдісімен жүкті болып, өмірге егіз баланы аман-есен әкелген. Угандалық қыз бен ұлдың анасы атанған әйелге кесарь тілігі жасалған.

BBC News жазуынша, Сафинаның өзі балалардың дүниеге келуін керемет деп атады. Зейнеткер ана өзін жақсы сезінеді. Кампала қалалық ауруханасы 70 жастағы ананың егіздерді өмірге әкелуін тек медициналық жетістік қана деп санамайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Бұл адам рухының күші мен төзімділігі туралы әңгіме,

деп атап өтті дәрігерлер.

Намуквая Африканың ең қарт анасы атанды. Ол балаларды жалғыз өзі тәрбиелемек. Өйткені Сафина егіз күтеді деген жаңалықты естіген бойда, баларадың әкесі ажырасып кеткен.

Ер адамдар бірнеше баланың өмірге келетінін ұнатпайды. Мені осында қабылдағаннан бері ол ешқашан келген емес,

деді әйел.

Бұл Намукваяның соңғы үш жылда екінші рет босануы. 2020 жылы ол қыз туды. Сафина тұңғышы дүниеге келгенге дейін адамдар оның балаларының жоқтығынан мазақ еткенін айтты.

Мен басқа адамдардың балаларын бақтым, олар ержетіп, мені жалғыз қалдырды. Мен қартайған кезде маған қамқорлық жасайтын ешкім болмайды деп ойладым,

деп түсіндірді ол ұрпақ әкелгісі келетіндігін.

Ақпаратқа сәйкес, Намуквая балаларын дүниеге әкелу үшін донорлық ұрықты немесе бұрын мұздатылған ұрықты пайдаланғаны белгісіз. Сондай-ақ, Сафина менопаузадан өткен, өтпегені де белгісіз. Ол әдетте 45 пен 55 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.

Бір қызығы, Намуквая әлемдегі ең қарт ана емес. 2019 жылы Үндістанда егіз қыздарды Мангаямма Ярамати есімді 73 жастағы әйел дүниеге әкелді. Олда балаларға ЭКО арқылы жүкті болған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago