83 жастағы алматылық ақсақал TikTok-ты жарды

Тілеуғали Сатыбалдиев әлеуметтік желідегі парақшасында әдемі киім үлгілерін көрсетіп, немерелерімен қызықты ролик түсіреді. Оның бейнежазбалары миллионнан аса адамның көңілінен шыққан.

Ақсақалдың өзі TikTok-та танымал боламын, деп ойламаған. Алайда Тілеуғали Сатыбалдиевтың алғашқы ролигі бірден көрермендердің көңілін жаулап алады.

83 жастағы ақсақал киімді талғаммен киіп қана қоймай, тың қимылдарымен де ерекшеленеді. Ол жарты жылдан бері әртүрлі бейнежазбалар түсіріп, парақшасына жазылған көрермендерін қуантып жүр. Түсірілім мен монтаж жұмыстарына немерелері көмектеседі екен.

Екінші немерем маған көмектесіп жүреді. Бастапқыда бір миллион, артынша 2 миллион адам қарапты дейді. Таңқалып, солай видео түсіруге одан әрі құмарттым,

дейді ақсақал.

Алты ай бұрын Тілеуғали ата өзінің құдай қосқан жарынан айырылып қалады. Көңілі құлазып, мұңаймас үшін балалары мен немерелері аталарына TikTok желісін үйретіпті. Алматы тұрғыны бала кезінен сәнді киінгенді жақсы көретінін айтады. Ер адамның үстіндегі киімі таза әрі жарасымды болуы керек дейді.

Мен киімді өзім таңдаймын. Өзіме ұнағанын ғана киемін. Кемпірім болған уақытта да көп кеңес берген жоқ. Кішкентай бала кезімде киімімнің жыртылып қалғанын тігіп, өзіме келістіріп алатынмын,

дейді тиктокер Тілеуғали Сатыбалдиев.

Ақсақал «Мақсатым танымал болу емес, өмірімді мәнді өткізу» дейді. Оған қоса немере, шөберелеріне жақсы тәрбие бергісі келетінін айтады. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago