Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 434 шетел азаматы еңбек етіп жатыр. Бұл туралы еңбек министрлігі хабарлады.

Еңбек мигранттары негізінен Қытай, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және Ұлыбританиядан келеді.

Қытайдан 3 539 адам, Үндістаннан 1 801 адам, Түркиядан 1 707 адам, Өзбекстаннан 1 487 адам, Ұлыбританиядан 1 125 адам келді.

делінген хабарламада.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 399 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-і.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша шетел азаматтары ең көп жұмыс істейтін салалар:

  • құрылыс саласында – 6 137 адам (40%);
  • тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 515 адам (10%);
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 211 адам (8%);
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 143 адам (8% );
  • өңдеу өнеркәсібі – 1 071 адам (7%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Ведомство таратқан мәлімет бойынша, осы жылдың қаңтар айында еңбек министрлігі ШЖК тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 21 097 бірлікке дейін, яғни 7 255 бірлікке (25%) қысқартты.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago