Жемқорлық

857 миллиард теңге болады: Антикор мемлекетке қайтарылған мүлікті көрсетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жыл басынан бері Қазақстанға не қайтарылғанын көрсетті.

10 айда 1500-ге жуық жемқорлық қылмыс тіркеліп, 1100-ден астам адам әшкереленген, оның 158-і әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Сотқа 1 мыңнан астам іс жіберілді, олар бойынша 282 миллиард теңге залал өтелді. 2021 жылдан бастап бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 857 миллиард теңге сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілді. Оның ішінде 159,8 миллиард теңгесі шетелдік юрисдикциялардан түскен ақша қаражаты түрінде. Бұл сома мемлекет бюджетіне түсті,

делінген хабарламада.

Мәселен, Австриядан 36,8 миллиард теңге, Лихтенштейннен 116,7 миллиард теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 миллиард теңге, Түркиядан 253 миллион теңге қайтарылған. Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдарда тіркелген жемқорлық қылмыстарға ерекше назар аударады. Жыл басынан бері өңірлерде барлығы 215 лауазымды тұлға әшкереленген, оның 137-сі басшылар.

Жемқорлыққа ұшыраған мемлекеттік қызметшілердің ең көп саны Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Абай және Жетісу облыстарына тиесілі. Агенттік қызметіндегі басым бағыт превенция жұмысы болып табылады,

делінген хабарламада.

Есепті кезеңде әртүрлі салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 180-ге жуық талдау және мониторинг жүргізілді. Оларды жою бойынша 1 500-ден астам ұсыныс енгізілді.

Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында Антикор 38 миллиард теңгеден астам шығындардың алдын алды. Еліміздің облыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде жалпы бюджеті 2,44 триллион теңге болатын 156 әлеуметтік нысан белгіленген.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago