Денсаулық

Ақ шаштың ерте пайда болуының негізгі факторы – генетика

Ақ шаш кез келген жаста пайда болуы мүмкін. Кей адамдардың шашы ерте ағара бастайды. Бір жағдайларда бұл қалыпты болса, басқа жағдайда ол қандай да бір ауру белгісі болуы мүмкін.

Бұл жайлы эндокринолог Юлия Сидоркина Gazeta.ru-ге айтып берді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақ шаш – жас ерекшелігінің табиғи өзгерісінің белгісі, себебі уақыт өте ағзада меланин аз бөліне бастайды. Әдетте, алғашқы ақ шаш 25-30 жаста пайда болады.

Ол сондай-ақ шаштың ерте ағаруы ауру белгісі болуы мүмкін екенін айтты. Олардың ішінде кең таралғандарына – ағзадағы гормондар бұзылысы, асқорыту жүйесі аурулары, аутоиммунды аурулар, дәрумендер жетіспеушілігі (мырыш, мыс, темір, кальций, А тобының дәрумендері, D дәрумені), кей дәрі-дәрмектердің қосымша әсері, жүктілік, лактация, созылмалы ауру синдромы және күйзеліс жатады. Күйзеліс кортизол мен адреналин гормондарының шығуын ынталандырады, ал олар өз кезегінде қан тамырлар тарылуына және шаш түйіншелеріндегі қанайналымның нашарлауына әкеледі.

Шаштың ерте ағаруын қолайсыз экологиялық жағдай да ынталандырады. Мысалы, ағзаға ұзақ уақыт бойы немесе қарқынды түрде электромагнитті толқындардың немесе ультракүлгіннің әсер етуі. Зиянды өндірістерде немесе қиын климаттық жағдайларда жұмыс істеу де – қауіп факторы. Темекі тарту, алкоголь ішу және есірткі пайдалану да ақ шаштың ерте пайда болуына әкеледі.

Сондай-ақ меланин өндірісіне ақуыздың жетіспеуі жағымсыз әсер етуі мүмкін. Мысалы, адам жылдам артық салмақтан арылғысы келіп, қатаң диеталар сақтағанда немесе веган болса, ағзаға ақуыз жетпеуі мүмкін. Ұйқы режимінің бұзылуы да ақ шаштың ерте пайда болуына әкеледі», – деді дәрігер.

Алайда маманның айтуынша, ақ шаштың ерте пайда болуының негізгі факторы – генетика.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

16 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

17 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago