Соңғы төрт жарым жылда үйдегі зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмды. Одан бөлек денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 2086 фактісі тіркелген. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі мәлімдеді.
Мәдениет және ақпарат министрлігі гранттық қаржыландыру аясында агрессорлармен психологиялық жұмыс жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда.
Нәтижесінде дағдарыс орталықтарының 70 қызметкері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының 280 инспекторы, сондай-ақ 5 облыстың учаскелік инспекторлары агрессорлармен жұмыс істеу бойынша оқу курстарын аяқтады.
Осы жылдың 9 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық, суицид, басқа да мәселелер бойынша 1,5 мыңнан астам консультация ұйымдастырды.
469,3 млн теңгеге 156 әлеуметтік жоба іске қосылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 16 қазаннан бастап «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады.