Түркістан облысының Мырзакент кентінің тұрғыны өте қызықты хабарлама орналастырыпы. Ол танымал «Крыша.кз» сайтында айдан жер учаскесін сататыны жайлы жазған.
Аталмыш жер учаскесінің бағасы да өте қызықты: 9,99 триллион теңге.
99 999 соттық жер телімінің сатылымы туралы хабарландыру бір ай бұрын пайда болған. Автордың жазуынша, аталмыш учаске жол бойында орналасқан. Байланыс та бар. Интернет те тартылған. Учаске иесі жалғыздыққа жаны құмар жандар үшін бұл таптырмас орын деп ойлайтынын жасырмай жазыпты.
Автор шындықты айтып отырғанына еш күмән жоқ, жұмақ орынға қол жеткізген соң, тек айға ұшып жету ғана қалады.
