Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > «9 ай бойы тоңазытқышта жатқан». Бахрейнде жоғалған қазақ әйелі табылды
Оқиға

«9 ай бойы тоңазытқышта жатқан». Бахрейнде жоғалған қазақ әйелі табылды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 23.10.2023
Обновлено 23.10.2023 в 07:10
Поделиться
Поделиться

Бахрейнде 32 жастағы Диляра Мұхаммеджанова қазақстандық келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Анасы мен оның туыстары «Көреміз» бағдарламасында айтып берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бахрейнге 2022 жылы күзде жұмыс істеуге кеткен Дилярадан ақпан айынан бері хабар болмаған. 

Күнде әлеуметтік желімен хабарласып тұратынбыз. 19 ақпаннан бастап іздеудемін, не жазбайды, не жауап бермейді. Бірнеше нөмірі бар еді, барлығы да өшірулі. Қызыммен жиі ұрсысып қалатын болдық. Бірақ тез татуласатын едік. Биоэенергетикалық массаж жасаумен айналысады. Ана тілінен бөлек орыс, ағылшын, түрік тілдерін біледі,

деді анасы Ардақ Қожамберлина.

Анасының айтуынша, қызы Бахрейнге жұмыс бабымен 3 жылдан бері кетіп жүрген.

Қызым 8 жыл бұрын ажырасты, бір баласы бар. Сұлтан деген шетелдік жігіті бар. Ол туралы мағлұмат білмеймін. Бірақ содан күмәнданамын. Жалпы қызымның сол жақта қонақүйге тұратынын білемін. Алыс жер  болғаннан кейін қорқамын,

деді анасы.

Сондай-ақ, екі жыл бұрын Диляраны анасы жындыханаға апарған.

Екі жыл бұрын енесі хабарласып, «үш күн болды, қызыңыз біздің үйде, ауырып, кіріп-шығып жүр» деп айтты. Содан кейін барсам, психологиялық тұрғыда ауытқып жүр екен. Медбике құрбыммен ақылдасып, жындыханаға апардым. «Егер жатқызбасаңыз, асқынып кетеді» деді. Сосын бір айдан соң жазылды да, Бахрейнге жұмысқа кетті,

деді ол.

«Көреміз» бағдарламасының іздеу нәтижесі бойынша Диляра Мұхаммеджанова Бахрейн Республикасында 2023 жылдың 16 ақпанда өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болған. Марқұмның денесі 9 ай бойы мәйітхананың тоңазытқышында жатқан.

Ресми ақпаратты Сыртқы істер министрлігі де растады. Қазіргі уақытта марқұмның денесі Қазақстанға жеткізілді. 

Анара Бауыржанқызы 23.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?