Белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі мәлім етті.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев белгілі режиссер Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ басшысы қызметінен кеткенін мәлімдеді.
Құрметті достар, осы жазбамда талантты және табысты режиссер Ақан Сатаевқа «Қазақфильм» АҚ президенті ретіндегі қажырлы, бастысы және жемісті қызметі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді,
деп жазды Дәурен Абаев Facebook-парақшасында.
Бүгін Ақан Қарғамбайұлы аты аңызға айналған киностудия басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Оның шығармашылық жолында да кино өнерінің дамуына септігін тигізетін серпінді жобалар әкелетініне сенімдімін,
деп жазды мәдениет және спорт министрі.