Елімізге танымал кинорежиссер, «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаевтың қызы Айиша Сатай әке-шешесінің таңдауын құрметтейтінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
“Мен көп нәрсені бақылып, ой елегінен өткіздім. Бізді, балаларды, кемсітудің қажеті жоқ. Ата-аналары ажырасқан балалар туралы ештеңе айта алмаймын. Мен өз ойыммен, тәжірибеммен бөліскім келеді. Мен ата-анамның ажырасатыны туралы бірінші болып білген адамдардың бірімін. Сондықтан оларды ақыл тоқтатқан, дана адам деп сеніммен айта аламын. Мәселені басқалар секілді айқай-шумен емес, ақылмен шеше білді. Мен өз ата-анамнан үлгі аламын, оларға сүйсіне қараймын. Олар мені қалай қолдаса, мен де оларға дәл солай демеу беруге дайынмын. Бастысы екеуі бақытты болса болғаны, әке-шешемнің қай таңдауы болсын құрметтеймін”, – дейді Айиша Сатай.
Сондай-ақ ол ата-анасының басқа ересектер секілді балаларына ешқандай талап қоймағанын алға тартты.
«Бәр жақсысы бізде «не әке, не шеше» деген таңдау болмады. Біз доспыз, бала күніміздегідей бірге уақыт өткіземіз, әңгіме-дүкен құрамыз, бір-бірімізді сыйлаймыз. Түсінеміз, қоғам әке-шешесі ажырасып жатқан балаларды аяп, оларға жанашырлық танытқысы келеді. Бірақ барлығы ата-анаға және ажырасу процесіне байланысты. Ажырасу дегенде көптің көз алдына қорқыныш сезімі мен жанжал елестейді. Адамдар келеді, кетеді, өседі, өзгереді және бұл қалыпты дүние. Тек сабырмен отырып сөйлесіп, бір шешімге келу керек. Айырылысу – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Ересектер үшін де, балалар үшін өмір осымен бітпейді. Маған осындай ата-ананы сыйлағаны үшін Алла мың алғыс айтамын. Біз, балалар, әке-шешеімзіге бақытты екенімізді айтқым келеді. Қандай жағдай болмасын, олар біздің ата-анамыз”, – деп жазды танымал кинорежиссердің қызы.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…