Ресей әскерін қолдап киіз үй тіккен Омбы қазақтарының кеңсесі өртенді

Ресейдің «арнайы әскери операцияға қатысушыларын» (Ресей билігі Украина жасаған әскери шабуылын осылай атайды) қолдау үшін мейрам ұйымдастырып, киіз үй тіккен Омбы қазақтарының кеңсесі өртеніп кетті. Мұнымен қоса олардың Instagram әлеуметтік парақшасы да бұғатталған. Бұл туралы қоғамдық бірлестіктің өздері мәлімдеді.

Бұған дейін 23 сәуірде Омбыдағы қазақ диаспорасы «Омбы қазақтары» облыстық қоғамдық ұйымының 15 жылдығына және Наурыз мерекесіне орай бес киіз үй тігілген этноауылды орналастыратынын айтқан. Киіз үйлердің бірінде «арнайы әскери операцияға қатысушыларды» қолдау үшін гуманитарлық бас қосу пункті» ұйымдастырылатыны айтылған. Шараның өтуіне Омбы облысы үкіметі мен қала әкімдігі қолдау көрсеткен.

Бірлестік алаңда тігілген бес киіз үйдің бірінде Украинада соғысып жатқан орыс әскеріне көмек жинау туралы шешім қабылдағанын айтқан.

Бірлестік 23 сәуірге белгіленген шараны өткізген. Мейрам туралы ақпарат бірлестіктің Вконтакте желісіндегі парақшасында жазылған. Бірақ сонымен қоса желіде диаспораның кеңсесі өртеніп кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат Омбы қазақтарының желідегі парақшасында да жарияланған.

19 сәуірде жарияланған жазбада сәуірдің 18 күні бірлестіктің кеңсесінде өрт болғаны айтылады. Жазба авторы ешкім зардап шекпегенін, алайда ғимарат пен мүлікке айтарлықтай зиян келгенін жазады. Автор өрттің шығу себебін айтпайды.

«Осы кеңседе бізден көмек сұрап келген адамдарды қабылдайтынбыз. Біз әрқашан қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырыстық. Бұл туралы жазу өкінішті, бірақ қазір көмекке мұқтаж жандардың жағдайына өзіміз түстік», — делінген жазбада.

Сонымен қоса Омбы қазақтарының Instagram парақшасы бұғатталған. Мұны Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын қолдағаны үшін жасалған шабуыл дейтіндер бар. Бірақ диаспора өкілдерінің өздері бұл жайлы айтпайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago