Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
26.09.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Атақ және ақша > «Ағасының арқасында көтерілген», дейді жұрт
Атақ және ақшаСаясат

«Ағасының арқасында көтерілген», дейді жұрт

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 08.06.2023
Обновлено 08.06.2023 в 04:06
Поделиться
Поделиться

«Кеше Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев орталық коммуникациялар қызметінде болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады, журналистер сұрағына жауап берді. Нәлібаевтың баяндамасын бастан-аяқ көріп шықтық. Оқшау әңгімелер айтыла ма деген үмітіміз ақталмады. Бірсыдырғы есеп-қисап, «қатырып жатырмыз, жапырып жатырмыз» деген қызыл сөз, бос уәде ғана», деп жазған екен «Жас Алаш».

Нәлібаев та басынан сын кетпеген әкім. Олай болатын себебі де бар. Жұрт Нұрлыбек Нәлібаевты еңбегімен өскен азамат ретінде емес, ағасының арқасында өскен адам деп қана мойындайды. Ағасы Бердібек Сапарбаев екенін біз айтпасақ та, оқырман жақсы біледі. Қызылорда облысының әкімі мансап жағынан ертегідегі Ертөстіктей ерте есейген жігіт. Сенбесеңіздер, биографиясын қараңыздар! Мемлекеттік қызметке келген 2005 жылы бірден Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болып тағайындалады. Оған дейін мұнай компаниялары мен коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. Ал мемлекеттік қызметке барған бірінші күні-ақ басшылық лауазымға тағайындалу қанша талантты адам болса да, ақылға қонбайтын «ақиқат».

Қызылорда облысы экологиялық апатты аймақ. Арал тағдырының өзі бір облыс емес, бір мемлекет үшін ауыр. Ал Сырдың сыры сыралғы жағдай. Жылдан-жылға тартылып, шаруалар судан таршылық көріп қағырлап отыр. Осындай апатты аймаққа Нәлібаевты тағайындаудың астарында қандай құпия болуы мүмкін? Қызылордалықтар Нәлібаевты «көше сыпырғыш әкім» ретінде ғана мойындайды екен. Өйткені қаланы басқарып тұрған кезінде таңбозынан көшені айнадай қылып сыпырып отыру Нәлібаевтың үйреншікті жұмысы болған, соған дағдыланған.

Нәлібаевтың Қызылордаға басшы болуының басты себебі – ағасы Сапарбаевтың еңбегіне жасалған «отработка». Қоғамда осы пікірдің салмағы басымдау қазір.

Коммуникация қызметінде терлеп-тепшіп тұрып есеп беріп, журналистер сұрағына жауап беріп жатқанда бір байқағанымыз, Нәлібаев шамшыл әкім көрінді. Тікелей эфирге Қызылордадан шыққан бір журналист әкімге туыстарының меншігіндегі жер телімдері туралы сұрақ қойды. Қанша жерден ашу-ызасын сыртқа шығарғысы келмесе де, сөз-ләмінен сабыры сарқылып тұрғанын байқатып қойды.

– Қандай туысқанымда жер бар екен? Нақты факт болмаса, жұрт айтып жүр деген әңгімені қойыңыз! Ресми хат жазыңыз. Егер туыстарымның меншігінде жер болса, біз әкім болғанға дейін алған шығар, заңды жері шығар?

деп қызарақтап қалды.

Айтпақшы, «Жас Алаш» газетінің тілшісі коммуникация қызметінің фейсбуктегі парақшасына өңірдегі жер мәселелері туралы сұрақ қойған. «Күрішті аймақта жер мәселесі өте өзекті тақырып. Жер даулары өте көп. Жуандар мен дөкейлер әртүрлі жолдармен иемденіп алған, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қалай жүзеге асып жатыр?» деген сұрақтан Нәлібаев тағы да желіп өте шықты. «157 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтардық. Биыл 200 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарамыз деп жоспарлап жатырмыз», деді, қысқасы. Әкімнің сөзіне қарағанда, күрішті аймақта жер дауы соншалықты өзекті емес көрінеді.

Қытай инвесторлары туралы сұраққа да Нәлібаев эмоциясын жасыра алмады. Оның айтуынша, Қызылордаға кім келсе де бәрібір сияқты, ең бастысы инвестор болса болғаны. Сонда Нәлібаев ақша әкелген адамның бәрін құшақ жайып қарсы алмақ па? «Қызылорда облысында 200 қытай ғана жұмыс істейді» дегені әкімнің қай сасқаны немесе Нәлібаев қытайлардың санын кемітіп айтқанда не жасырғысы келіп отыр? Онсыз да қарапайым халық Қызылорда облысындағы мұнай-газ саласында және шыны зауытында, басқа да компанияларда бірнеше мың қытайлықтың жұмыс жасайтынын жақсы біледі.

Тағы бір әріптесіміз Нәлібаевтан журналистерден неге қашатынын, ұлының тойын «Ритц карлтон» мейрамханасында не үшін өткізгенін сұрады. Қызылорда әкімі бұл сұраққа кәдімгідей сасқалақтап қалды. Журналистерден қашпайтынын, тек асығып кетіп бара жатқанда тілшілер артынан түсіріп жариялап жібергенін айтып ақталғандай болды. Ал ұлының тойы туралы сұраққа әкім екі жүз адам шақырмағанын, аста-төк дастарқан жаймағанын, әнші-күйші алдырмағанын айтып, сөзінің соңын мемлекеттік қызметке дейін кәсіпкер болғанымен тұздықтап, «баланың тойын дүркіретіп өткізу ата-ана ретінде парызым» деп түйді. Әңгімесінен «бір балама ақша аяйтын жайым жоқ» дегенді түсінгендей болдық.

Азық-түлік бағасы шарықтап тұр қазір. Алматының өзінде «ақ маржанның» бір келісі мың теңгеден асып жығылады. Нәлібаев Қызылордада күріш бағасы 400 теңге екенін айтып мақтанғандай болды. Сөзінің соңын күріш бағасы қымбат болуы керек дегендей емеурінмен аяқтады әкім. «Өйткені күріш өсіру азапты, ауыр жұмыс» деді.

Нәлібаевты басынан дау арылмаған әкім дедік қой.

Оның таққан сағаты да, өткізген тойы да баршылықтың, астамшылықтың символындай.
ТЕГи: Главное, Қазақстан
Арман Ерғалиев 08.06.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?