Қоғам

Ағасының малын баққан Назгүл мен Құндызға Алматы облысынан үй беріледі

Отырар ауданы Ескі Шілік ауылында жылдар бойы ағасының малын баққан Назгүл мен Құндызға Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылынан үй берілетін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Апалы-сіңлілі қыздарға үйді «Елге көмек» қайырымдылық қоры бергелі отыр. Салынып жатқан баспана – екі қабатты үй. 

Уайымдап жатқан бүкіл қазақ еліне алғысымызды айтамыз. Осы оқиғаны естіп-білген барша отандастарымыздың жүрегі ауырды деп ойлаймын. Аға-жеңгесіне айтарымыз, біріншіден, Алладан кешірім сұраңыздар. Ешкімге мынадай қиянат жасамаңыздар. Қазақ елінде тек жақсылық болсын», 

дейді қайырымдылық қорының өкілі.

Назгүл мен Құндыз қазір Тараз қаласында көп балалы ана Зүлфия Төленованың қолында. Қор өкілдері екеуіне ұялы телефон әперетінін айтты.

Еске сала кетсек, Түркістан облысы Отырар ауданы Ескі Шілік ауылында апалы-сіңлілі қыздарды туған ағалары 17 жылдан бері құлдықта ұстап отырғанын бұқаралық ақпарат құралдары жақында жарыса жазған еді. Ол екі қарындасына жылдар бойы мал бақтырып келген. Бұл жайлы «Көреміз» бағдарламасында көрсетілген.

Апалы-сіңлілердің бірі – Назгүл, 1991 жылғы, екіншісі – Құндыз, 1996 жылы туған. Қыздардың мұндай күйге түскенін бағдарлама редакциясына сыныптастары хабарлаған. Сыныптастарының айтуынша, олар тұратын үйде ешбір жағдай жасалмаған. 

Үсті-бастары жұпыны. Жағдайлары өте жаман, кір. Аяқтары жарылған, қолдары жырылған. Шаш жуылмағаннан киіз боп қалған. Қыздар тек нан жеп, су ішеміз дейді. Одан кейін қыздардың үстінде тек майка мен шалбар ғана. Тұрып жатқан үйлерін толық аралағанымда тіс пастасы мен щетка жоқ, не жуынатын сабын мен бас жуатын шампунь көрмедім. Екеуінен қоңырсық иіс шығып тұр», 

деді сыныптасы Айша.

Қыздар мектепте оқып жүрген кезде, яғни 15-16 жастарында немере ағасы Қанат Әбілдаев қамқоршылығына алған. Оның айтуынша, екеуін 2016 жылы өз інісі Сәулебек Әбілдаев асырауына алып кеткен.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago