Қоғам

Түн ортасында түскен «звонок»: Зейнеткер қалай алданды?

Сол баяғы алдау, қорқыту, ақша бопсалау.

Оқиға Шымкент қаласында болған. Түн ішінде қоңырау шалған белгісіз біреу зейнеткерге өзін Полиция департаментінің тергеушісі деп таныстырады. Әдеттегіше, «қызың жол апатына себеп болды, босату үшін ақша төлеу керек» дейді.

Сосын талап қойған: курьер келгенше телефон тұтқасын қоймауы керек. Сөйтіп, үйіне келген жігітке қария 900 мың теңгесі мен 500 долларын өз қолымен ұстатып жібереді…

Кейін жәбірленушінің туыстары полицияға болған жайды баяндап, «курьердің» жеке басы анықталады. 22 жастағы жергілікті тұрғын екен. Мобильді мессенджер арқылы түрлі нұсқаулар алып, сол бойынша әрекет етіп келген.

Рolisia.kz порталының хабарлауынша, ол алған ақшаның 90%-ын онлайн-жұмыс берушілердің шотына аударып, қалған соманы жалақы ретінде ұстап қалып отырған.

Қаржылық сауат арнасы үйдегі үлкендерге үнемі ескертіп жүріңіздер деп кеңес береді. Өзіңіз де сақ болыңыз! Телефон шалғанның бәріне сене беруге болмайды.

Алаяқтардың қолында қазақстандықтар туралы көп дерек бар сияқты. Әйтпесе, «жертваның» нақты қызы, не ұлы барын, олардың көлік айдайтынын қайдан біледі?

Сая Манарбековна

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

43 минуты ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

1 час ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago