Павлодар облысының Новоямышево ауылының 24 жастағы тұрғыны TikToк желісінде тікелей эфирге шыққан. Өзін әдеттегідей ұстаған ол балағат сөздер арқылы ойын жеткізе берген.
Алайда жас жігіт оның тікелей эфиріне полиция қызметкерлерінің қосылғанын байқамаған. Айтылған ұятсыз сөздері үшін хаттама толтырылды. Сотта қаралған соң жігіттің анасына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Яғни — 34 500 теңге.
Бұл жолы жігіттің бағы бар екен. Себебі екі аптадан соң дәл осы қылығы үшін ол екі есе көп айыппұл төлейтін еді. Тіпті темірторға қамалуы да мүмкін.
Наурыздан бастап әкімшілік кодекске түзетулер енгізіледі. Жаңа өзгерістерге сәйкес, балағат сөздер үшін 20 АЕК көлемінде (69 000 теңге) айыппұл қарастырылған. Немесе 30 тәулікке дейін қамау жазасы қолданылады.