«Ақ үй» жұмысшыларының айлығы қанша?

АҚШ президенті әкімшілігі Ақ үй қызметкерлерінің жылдық табысы туралы ақпаратты ашып, Конгресске барлық 474 қызметкердің тізімін жолдады.

Байденнің қол астындағы 24 қызметкер ең жоғары жылдық жалақы алады екен (ең жоғары жалақы — 180 мың доллар). Оның ішінде оның кеңесшісі Энтони Берналдың әйелі, Ұлттық экономикалық кеңестің директоры Брайан Дисс, аппарат басшысы Рон Клайн және оның орынбасары Дженнифер Диллон, Байденнің көмекшісі Анита Данн (Псакидің орнына келген), Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер, Байденнің климат жөніндегі кеңесшісі Регин Маккарт және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан.

Екі қызметкердің «экстра» жалақысы бар болып шықты. Байденнің көлік жөніндегі аға кеңесшісі Луиза Пайевонски (191 мың доллар) және инфрақұрылымдық мәселелер жөніндегі үкіметаралық топтың директоры Стефани Сайкс (183 мың доллар).

Сондай-ақ, Ақ үйде «рақмет» үшін еңбек ететін 16 қызметкер бар екен, олардың жалақысы 0 доллар. Олардың қатарында Байденнің иммиграция жөніндегі аға кеңесшісі Рамзи Кассем және оның экономикалық саясат жөніндегі арнайы кеңесшісі Джастин Левитт бар.

Джо Байденнің өзі Ақ үй қызметкерінің тізімінде жоқ. Ол жылына 400 000 доллар алады. Бұл жалақыға 50 000 долларлық жалпы шығын немесе 100 000 долларлық жол жүру шығыны кірмейді.

Айта кетейік, 1995 жылдан бері Ақ үй Конгресске жыл сайынғы есебінде өз қызметкерлерінің жалақысын ашып көрсетуге міндетті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

23 часа ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

24 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

24 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

24 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago