Далаға шықсаңыз, ресейліктердің қаптап кеткенін аңғару қиын емес. «Магнумде», көшеде, саябақта, базарда, сауда орындарында, барлық жерде өріп жүр. Солардың сөзімен айтқанда «панаехали».
Бұлардың жаппай келуі, түрлі мәселені ушықтырады деп ойлаймын. Ресейдің мәліметінше сәуір-маусым арасындағы үш айда Қазақстанға 570 мың ресейлік кірген. Олардың қаншасы қалды, қаншасы кеткені белгісіз. 570 мың дегеніміз кей облыс халқынан көп. Мысалы жаңадан құрылған Ұлытау облысының халқының саны 300 мыңға да жетпейді, деп жазады желіде Асхат Қасенғали.
Бұл біз көріп жүрген, біз білетін қауіптердің біразы ғана. Жасырын, біз білмейтін қанша қауіп бар. Елді, мемлекетті, халықты ойлағаннан айтамыз ғой. Шырылдап жүрген сан қазақ мына ел жаман болсын деп айтпайды ғой, алаңдағаннан айтады, жазады.
Біздің ұлттық қауіпсіздікке қырандай қырағы болу керек. Оны айтпаса да бізден жақсы біледі (деп үміттенемін). ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті құлағына алтын сырға! Әлем демократиялық құрылымға өтуде. Қазақстан да сол стандарттарға жақындауға тырысуда. Ұлтқа, нәсілге, дінге бөліп, бөлшектеу жоқ. Ол дұрыс. Кім қайда барып, қалай жұмыс істесе де өз еркі. Қай елге келемін десе де, тұрамын десе де өзі біледі. Қазақстандықтар да, өзге ел тұрғындары да. Бірақ сақтық пен қауіпсіздікті ешкім алып тастаған жоқ. Сондықтан сақтық керек. Қырағылық қажет. Бұл тек Ресейден кіріп жатқандарға қатысты емес, барлық өзге елден кірушілерге қырағылықты геосаяси жағдай ушыққанда арттыру керек,
дейді ол.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…
Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…
Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…
Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…
2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…