Categories: Қоғам

Ақкентте өрт кезінде қаза тапқан әйелдің отбасына екі бөлмелі пәтер беріледі

“Ақкент» тұрғын үй кешенін салған компания қаза болған тұрғынның отбасына 2 бөлмелі пәтер береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 «Ақкент» тұрғын үй кешенін салушы «Ayt housing Complex» ЖШС қаза тапқандардың отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер береді.

Сонымен қатар, құрылыс салушы өрт шыққан үйде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді. Бұл туралы Ayt housing Complex құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев «Ақкент» ТК тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.

«Біз өз бастамамызбен үйді қалпына келтіру шығындарын өзімізге алуға дайынбыз», — деді Бас директор.

«Ayt Housing Complex» ЖШС ТК құрылыс жүргізуші. 54 көппәтерлі тұрғын үй 07.08.2017 жылғы №773 объектіні пайдалануға қабылдау актісімен пайдалануға берілген. 

“Лифтілерге келетін болсақ, бұл тұрғын үйде Mitsubishi лифтінің бренді 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, тіркеу нөмірі L15-269 және L15-270. «АГ МЕЛЬКО Элеватор Казахстан Компани» ЖШС лифт компаниясы қызмет көрсетеді. Лифттерді соңғы техникалық куәландыру 2023 жылдың 27 шілдесінде жүргізілді”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Алматыда сағат 17:00 шамасында 16 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шыққан болатын. Өрттен қашқан тұрғындар пәтерлерінің терезелерінен секіріп, балаларын сыртқа лақтырған. Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54-үйде болған өртке 23 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды, оның ішінде 5 жансақтау бригадасы бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін өрт салдарынан бір әйел қаза болғаны туралы жазған едік. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago