Бақыт Беделхан Жазушылар одағынан кетті

Қазақтың Алматыда тұрған Жазушылар одағынан береке қашқалы қашан.

Жазушылар одағының жаңа төрағасы Мереке Құлкеновпен тіл табыса алмаса керек, бүгін (2 тамыз 2023) одақ төрағасының орынбасары, елге танымал ақын Бақыт Беделхан қызметінен кетіпті.

Ақын жұмыстан босату туралы арызбен қатар, Мерағаңа арнап «Бақытты болсын, Бақытсыз..!» деген өлең шумақтарын шығарып жіберген екен. Онысын әлеуметтік желіде жариялады:

Одағым — Бақыт ордасы ең..!

Демалсын! — десе, демалам.

Онсыз да босқа жатыппыз.

Мерағаң — дейтін, төрағам

Бүгіннен бастап,

Бақытсыз…

Одағым — бақыт ордасы,

Бағың ба, әлде, сорың ба?

Ішінде жатқан бомбасы

Бір шалдың қалдың қолында!..

Не деген бітпес шайтан- шал?

Шапағынан көп шатағы

Әруақта, мейлі, айқай сал,

Селт етер ме екен, шапаны?

Бір шалды бір шал құлатып,

Мәз болған біздің қоғамда.

Жап-жас жаныңды жылатып,

Сен,

Ақсақал бол, одан да!

Бүгіннен бастап демалам,

Дем жетпес — десең,

шатыпсыз.

Төрағам болған Мерағам

Бақытты болсын,

Бақытсыз..!

Б.Б.

Мереке Құлкенов туралы қазақ білуі тиіс жалғыз нәрсені көктемде Қуанышбек Қари былай жеткізген:

“…ЕШҚАШАН біздің жазушылар оппозиция болмайды, болмауы керек деп есептеймін. Өйткені оппозиция деген — мемлекет басшысына қарсы болу деген сөз. Мен оған келісе алмаймын. Қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өнер адамдарына, ғалымдарға, жазушыларға өте ерекше көңіл бөліп отыр…”

Бұл кісіні келмей жатып қорқытып қойған кім?.. Сөзді осыдан бастаудың не қажеттілігі болды?..

Адам позициясына қарай жазушы бола ма?..

Кеше ғана “Жаңа Қазақстан” заманы сияқты еді…

  • Мереке Құлкенов 1951 жылы туған.
  • Бақыт Беделхан 1975 жылы туған.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago