Ақмола облысының Бірлік ауылдық округіне қарасты үш елді мекеннің атауы өзгеруі мүмкін.
Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылды.
Ақмола облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат:
Красная Поляна ауылын – Бірлік ауылы
Арбузинка ауылын – Ақкент ауылы
Петриковка ауылын — Тұмар ауылы
деп атау туралы шешім шығарды.
Айта кетейік, былтыр Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданындағы 2 ауыл мен 1 ауылдық округтің және Бурабай ауданына енетін Красный кордон ауылының атауы өзгерген еді. Жалпы, өткен жылы бұл өңірде 11 елді мекен мен 90 көшеге қазақша атау берілді.