Ақмола облысында қызылшаға қарсы қосымша вакциналау жоспарлануда. Санитарлық дәрігерлер соңғы екі аптада өршіп кеткен жағдайға алаңдаулы. КТК арнасының хабарлауынша, Ақмолада қазірдің өзінде 60-қа жуық адам қызылшаны жұқтырып алған. Дәрігерлер адамдар бүкіл отбасылармен ауырып жатқанын айтады. Вакцина алмағандардың қызылшаны жұқтыру мүмкіндігі – 100%. Соңғы екі аптада бірден 14 жағдай расталды.
Сарапшылар қызылшаның таралуына көші-қон қатты әсер ететінін атап өтті. Жылдың басында ауру шетелден әкелінген. Астанаға Шымкенттен бір үйдің төрт баласы келіп, енді бәрі отбасымен ауырып жатыр.
Мамандар тұрғындардың көпшілігі діни себептермен вакцинадан бас тартатынын, ал басқалары вакцинаға сенбейтінін айтты. Ал вакцинадан бөлек ауруға қарсы тұрудың басқа әдісі әзірге жоқ. Қауіптісі – асқынған кезде ол өлімге әкеледі.
Қазір қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізу мәселесі қаралуда, себебі қазір республика бойынша жағдай қолайсыз. Біз эпидемиологиялық зерттеу жүргізген кезде импорттық жағдайлармен байланыс бар. Бүгінгі таңда адамдардың көші-қоны еркін және карантиндік шектеулер жоқ, сондықтан бізде соңғы жағдайда ауру оңтүстік өңірлерден келіп жатыр,
деді Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…