Денсаулық

Ақмола облысында қызылша жаппай тарап жатыр

Ақмола облысында қызылшаға қарсы қосымша вакциналау жоспарлануда. Санитарлық дәрігерлер соңғы екі аптада өршіп кеткен жағдайға алаңдаулы. КТК арнасының хабарлауынша, Ақмолада қазірдің өзінде 60-қа жуық адам қызылшаны жұқтырып алған. Дәрігерлер адамдар бүкіл отбасылармен ауырып жатқанын айтады. Вакцина алмағандардың қызылшаны жұқтыру мүмкіндігі – 100%. Соңғы екі аптада бірден 14 жағдай расталды.

Сарапшылар қызылшаның таралуына көші-қон қатты әсер ететінін атап өтті. Жылдың басында ауру шетелден әкелінген. Астанаға Шымкенттен бір үйдің төрт баласы келіп, енді бәрі отбасымен ауырып жатыр.

Мамандар тұрғындардың көпшілігі діни себептермен вакцинадан бас тартатынын, ал басқалары вакцинаға сенбейтінін айтты. Ал вакцинадан бөлек ауруға қарсы тұрудың басқа әдісі әзірге жоқ. Қауіптісі – асқынған кезде ол өлімге әкеледі.

Қазір қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізу мәселесі қаралуда, себебі қазір республика бойынша жағдай қолайсыз. Біз эпидемиологиялық зерттеу жүргізген кезде импорттық жағдайлармен байланыс бар. Бүгінгі таңда адамдардың көші-қоны еркін және карантиндік шектеулер жоқ, сондықтан бізде соңғы жағдайда ауру оңтүстік өңірлерден келіп жатыр,

деді Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

16 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

18 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago