Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Әлеуметтік желіге шолу > «Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
Әлеуметтік желіге шолу

«Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 04.10.2023
Обновлено 04.10.2023 в 06:10
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Жуырда ғана орта жастағы әйелдің ұзатылған сәті әлеуметтік желіге тараған еді. Қазнетте қызу талқыланған видеодағы келіншек – танымал композитор әрі филолог Ғалия Шаудырбаева екен. Ол 46 жаста өзінің өмірлік серігін жолықтырып, тұрмысқа шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы.

Ғалия Шаудырбаеваның айтуынша, ғашықтар Facebook желісі арқылы танысқан. Кейін бір айға жуық жігіт пен қыз ретінде көңіл жарастырып, шаңырақ көтеруге бел буыпты. Сазгердің сезімін селт еткізген серінің есімі – Сермұхан. Екеуі түйдей құрдас, яғни 46 жаста екен.

Тура ораза айы басталған кезде компьютерімнің пернетақтасының астына «Аллаһым, маған мені сүйетін, аялайтын, құрметтейтін азаматпен таныстырып, бас қосуыма көмектесші» деп екі күн қатарынан ақ параққа жазып қойдым. Аллам қабыл етті ме, бір аптаның ішінде әлеуметтік желі арқылы таныстық. Бір ай қыз бен жігіттей тарауық намазына барып жүріп, «егер осы азамат маған лайық болса, неке қияйық, заңды некеге тұрайық деп айтса» деп мен Құдайдан тіледім. Тура солай болды. Жүзік тағу менің арманым болатын, сол арманыма жеттім,

 деді Ғалия Шаудырбаева.

46 жасында бақытын тапқан композитор жанына жақын жандардың басын қосып, дүркіретіп думанды кеш ұйымдастырған. Тойда елге танымал жұлдыздар да бой көрсетті. Мәселен, қос ғашық Қарақат Әбілдина шырқаған «Бағала» әніне вальс билеген. Айта кетейік, «Қыз деген – ана, ана деп қана, бағала оны, бағала» атты ән «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың орындауында қалың көпшілікке жақсы таныс. Аталған туындының музыкасын жазған да дәл осы сазгер Ғалия Шаудырбаева.

Алайда орта жаста тұрмыс құрып, дүбірлі той жасаған Ғалия Шаудырбаева мен оның жолдасын сынап, жағымсыз пікір жазғандар да жетерлік екен.

Кейде әлеуметтік желіде аузым бар екен деп неше түрлі фейк парақшалар ашып алып, салмағыңа, түріңе тиісіп отыратын адамдар болады. «Күйеуің сенен жас көрінеді ғой» деп айтып жататындар да болады. Елдің аузына қақпақ бола алмайсың. Кім не десе, о десін, мен бақытқа лайықпын,

дейді Ғалия Шаудырбаева.

Орта жаста махаббатын жолықтырған әйел соңғы кездері болмысындағы оң өзгерістерді анық байқағанын айтады.

Махаббат мені қалай өзгертті? Мен осы уақытқа дейін еркек сияқты жүріп, шалбар киіп алып жүретінмін. Менің бойымда ер-азаматтың қасиеті көбейіп кетіпті. Бірақ қалай Сермұханмен таныстым, сол менің бойымдағы ерге тән қасиеттер еріп, езіліп төмен түсіп кеткен сияқты. Тіпті дауысыма дейін өзгеріп кеткен болса, Сермұханға қосылғалы дауысым да жіңішкеріп, өзім майысып, қылықтарым шығыпты. Қайтадан бір қызға тән қылықтарым оралып, сондай бақытты күй кешудемін,

дейді 46 жаста тұрмысқа шыққан әйел.

Бақытты болу ешқашан да кеш емес. Себебі адамның жартысы болуы керек. Ол махаббатты, ол сезімдң табу үшін 18 жасқа оралудың қажеті жоқ. Ол бақытты жүректен табуға болады. Жүрекке үңілсеңіз, жүрек көзімен көре білсеңіз сіз бақытыңызды табасыз. Сол себепті мені көріп отырған қыз-келіншектерге айтарым: «Бақытты айдаладан іздеудің қажеті жоқ. Бақыт бәлкім сіздің қасыңызда жүр, бәлкім ауылыңызда қалып қойды, бақыт бәлкім сізге қарама-қарсы келе жатыр» дегім келеді. Жамбыл бабамыз да 90 жасында төсектен басын көтеріп, ғашық болған ғой. Сол секілді махаббат деген бүкіл жасқа тәуелді дүние.

Айта кетейік, 46 жасында тұрмыс құрып, желідегі жұрттың назарына іліккен Ғалия Шаудырбаеваның бұл – екінші некесі. Осыдан 22 жыл бұрын алғашқы күйеуімен дәм-тұзы жараспаған әйел жүкті кезінде ажырасып кеткен. Бүгінде Ермахан есімді 23 жастағы ұлы Қызылорда өңірінде отан алдындағы борышын өтеп жүр екен. Сондай-ақ сазгер бұл сұхбатында бұрынғы жолдасымен әрі енесімен қазіргі қарым-қатынасы туралы да бүкіл шындықты ашық айтты.  

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Қазақстан, Трендте
Сая Манарбековна 04.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?