Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > АҚШ қарызға белшесінен батты, ішкі өнімде Ресейдің маңыздылығы қалмады. 14 қыркүйек
Шетел басылымына шолу

АҚШ қарызға белшесінен батты, ішкі өнімде Ресейдің маңыздылығы қалмады. 14 қыркүйек

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 14.09.2022
Обновлено 14.09.2022 в 05:09
Поделиться
Поделиться

Әлемдік БАҚ не деп жазады?

Мазмұны
Индекс құладыФедералды резервтік жүйені (ФРС) кім тоқтатады? ЕО жаңа санкциялар туралы келісе алмадыАҚШ -тың мемлекеттік қарызы 31 трлн долларға жетті Сырт көзге бәрі жақсы

Индекс құлады

The Wall Street Journal мәліметінше, АҚШ нарығы 2020 жылдан бері болмаған құлдырауды бастан кешірді.

Тамыз айындағы инфляция салдарынан индекс төмендеді. Инвесторлардың болжамы ақталмады. Яғни, федералды резервтік жүйе ақша-несие саясатын жеңілдете алмады.

Тұтыну бағасы өткен жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға өсті. Жанармай бағасының төмендеуіне қарамастан, соңғы 40 жылда ең жоғары деңгейінде қалды.

Тұтыну бағаларының базалық индексі жылдық есептеуде 6,3 % , айлық есептеуде 0,6 %-ға артқан. Сонымен қатар соңғы 41 жыл ішінде электр энергиясының 12 айлық өсуі тіркелді.

Аталмыш мәліметтерден соң инвесторлар бағалы қағаздардан бастап алтынға дейін сата бастады. Нәтижесінде Dow Jones өндірістік индексінің барлық 30 акциясы, S&P 500 индексінің 11 секторы сияқты құлдырады.

Dow индексі 1276,37 тармаққа немесе 3,9%-ға төмендеді

S&P 500 индексі 177,72 пунктке немесе 4,3%-ға төмендеді

Nasdaq Composite индексі 632,84 немесе 5,2%-ға төмендеді

Барлық үш индекс 2020 жылдың маусымынан бір күндік ең үлкен шығынға ұшырады.

Федералды резервтік жүйені (ФРС) кім тоқтатады?

Bloomberg жазуынша, американдық нарықтың құлдырауы ФРЖ тарапының сынға ұшырауына әкеліп соқты. Сарапшылар мен нарық қатысушылары реттеушінің ұстанған саясаты дұрыс емес екенігін алға тартты.

DoubleLine Capital инвестициялық директоры Джеффри Гундлах ФРЖ тым алысқа кетуі мүмкін деді. Тамыз айында ставканың 75 пункт бойынша үздіксіз өсуі түбінде ешқандай нәтиже берген жоқ. Алайда шенеуніктер осымен доғарар емес.

Оның пікірінше, нарықтарға бағаны көтерудің төменгі деңгейі беретін үзіліс қажет болуы мүмкін. Кем дегенде нарықтың жаңа жағдайға көзқарасын анықтап, келесі қадамдарды жасауға ат салысады.

 ЕО жаңа санкциялар туралы келісе алмады

The Guardian хабарлауынша, Еуроодақ ресейлік энергия тасымалдаушылардың бағасын шектеуден бас тартты.

The Guardian зерттеген «апаттық электрмен жабдықтау құралы» туралы қаулы жобасында шектеулер қарастырылмаған. Өткен аптада өткен кездесуде мемлекеттер ресей және импорттық газдың бағасы бойынша ортақ шешімге келе алмаған.

ЕО көміртегі шығарындылары төмен электр энергиясын өндірушілердің кірістерін бөлек шектей отырып, қазбалы отынмен жұмыс істейтін компаниялардың кірісіне салық салуды көздеп отыр.

Осы аптада Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен еуропаның электр энергиясының қымбаттауына қарсы күрес жоспарын жариялайды деп күтілуде.

Мұнай-газ компаниялары «ынтымақтастық жарнасы» деп аталатын күтпеген пайдаға салынатын салыққа тап болады. Мерзімі өтіп кеткен құжатта 2022 жылы мұнай, газ және көмір компанияларының пайдасы бес есе артады делінген. Комиссияның айтуынша, бұл «артық» және «күтпеген» табыс көзі экономикалық немесе инвестициялық шешімдердің нәтижесі емес. Бұл Украинадағы соғыстың салдарынан туындаған энергетика нарығындағы оқиғалардың көрсеткіші. Салық ставкасы құжатта көрсетілмеген.

АҚШ -тың мемлекеттік қарызы 31 трлн долларға жетті

Fox news АҚШ пен басқа да дамыған елдердің мемлекеттік қарыздарын салыстырды.

АҚШ үкіметінің қарызы ұлғайып барады. Бүгінде ол 31 триллион долларға жетті. Басқа елдердің шығындары пандемиямен күресуге жұмсалған. Ал Конгресстің шығындары вирус басталмас бұрын-ақ өсіп кеткен.

Әлем бойынша ең үлкен қарызға батқан Америка. Оның — 30,9 трлн доллар берешегі бар. USdebtclock.org деректеріне сүйенсек, 333 миллионнан астам халықтың қарызы бір адамға шаққанда – 92 709 долларды құрайды. Ал салық төлеушілердің үлесі – 245 191 доллар. Бұл мемлекеттік қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы 97,53% .

«Үлкен жетілік» мемлекеттеріне тоқталып өтсек:

  • Жапония мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге ең жоғары қатынасы 288,31% құрайды. АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жайғасқан елдің мемлекеттік қарызы-  $15,231 трлн
  • Италияның мемлекеттік қарызы 3,864 трлн долларды құрайды. Бұл ЖІӨ-ге қатысты қарыз алу коэффициентінің 176,81%  құрайды.
  • Францияның коэффициенті 130,64%, қарыз — 3,675 $ трлн
  • Ұлыбритания — 3,384 трлн доллар қарыз. Коэффициенті — 103,61%
  • Германия 3,4 трлн доллар қарыз, бірақ елдің коэффициенті әлдеқайда төмен-76,46%
  • Канада G7 елдерімен салыстырғанда ең төмен қарыз алған — 1,9 трлн, бірақ мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы басқаларға қарағанда жоғары — 105,98%
  • Украинаға басып кіруіне байланысты G8 (қазір G7) құрамынан шығарылған Ресей альянстың қалған мүшелеріне қарағанда экономикасы әлсіз, бірақ қарызы 297,4 миллиард долларды құрайды. Ал мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 18,13% .
  • АҚШ-тың басты бәсекелесі және Ресейдің одақтасы Қытай 10,797 трлн доллар мөлшерінде қарызға батқан. Мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатынасы 61,94% — ды құрайды.

Сырт көзге бәрі жақсы

New York Times Байден АҚШ –та барлығы тұрақты екенін көрсеткісі келетінін жазды. Оның бұл ойыны тіпті оның жақтастарының қытығына тиіп отыр.

Экономикадағы жағдай туралы соңғы есептің өзі Президентке жақтас экономисттердің  көңілінен шықпады. Байден кішкене болса да қадамын өзгертудің орнына, инфляциямен күрес үшін әкімшілік қабылдаған шаралардың барлығы тиімді екенін алға тартып отыр.  Қытай мен Ресейдің агрессивті саясаты құлдыраудан құтылуға кедергі болып отыр. Олардың әр бір әрекеті бағаның күн санап өсуіне әкелді.

ТЕГи: Трендте, Шетел басылымдарына шолу
Сая Манарбековна 14.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
Саясат

Мирзияевке тіл тигізбе, сотталасың!

30.05.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Қоғам

Әдепсіз стэндап-комик жазаға тартылды

24.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?