Әлемдік БАҚ не деп жазады?
The Wall Street Journal мәліметінше, АҚШ нарығы 2020 жылдан бері болмаған құлдырауды бастан кешірді.
Тамыз айындағы инфляция салдарынан индекс төмендеді. Инвесторлардың болжамы ақталмады. Яғни, федералды резервтік жүйе ақша-несие саясатын жеңілдете алмады.
Тұтыну бағасы өткен жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға өсті. Жанармай бағасының төмендеуіне қарамастан, соңғы 40 жылда ең жоғары деңгейінде қалды.
Тұтыну бағаларының базалық индексі жылдық есептеуде 6,3 % , айлық есептеуде 0,6 %-ға артқан. Сонымен қатар соңғы 41 жыл ішінде электр энергиясының 12 айлық өсуі тіркелді.
Аталмыш мәліметтерден соң инвесторлар бағалы қағаздардан бастап алтынға дейін сата бастады. Нәтижесінде Dow Jones өндірістік индексінің барлық 30 акциясы, S&P 500 индексінің 11 секторы сияқты құлдырады.
Dow индексі 1276,37 тармаққа немесе 3,9%-ға төмендеді
S&P 500 индексі 177,72 пунктке немесе 4,3%-ға төмендеді
Nasdaq Composite индексі 632,84 немесе 5,2%-ға төмендеді
Барлық үш индекс 2020 жылдың маусымынан бір күндік ең үлкен шығынға ұшырады.
Bloomberg жазуынша, американдық нарықтың құлдырауы ФРЖ тарапының сынға ұшырауына әкеліп соқты. Сарапшылар мен нарық қатысушылары реттеушінің ұстанған саясаты дұрыс емес екенігін алға тартты.
DoubleLine Capital инвестициялық директоры Джеффри Гундлах ФРЖ тым алысқа кетуі мүмкін деді. Тамыз айында ставканың 75 пункт бойынша үздіксіз өсуі түбінде ешқандай нәтиже берген жоқ. Алайда шенеуніктер осымен доғарар емес.
Оның пікірінше, нарықтарға бағаны көтерудің төменгі деңгейі беретін үзіліс қажет болуы мүмкін. Кем дегенде нарықтың жаңа жағдайға көзқарасын анықтап, келесі қадамдарды жасауға ат салысады.
The Guardian хабарлауынша, Еуроодақ ресейлік энергия тасымалдаушылардың бағасын шектеуден бас тартты.
The Guardian зерттеген «апаттық электрмен жабдықтау құралы» туралы қаулы жобасында шектеулер қарастырылмаған. Өткен аптада өткен кездесуде мемлекеттер ресей және импорттық газдың бағасы бойынша ортақ шешімге келе алмаған.
ЕО көміртегі шығарындылары төмен электр энергиясын өндірушілердің кірістерін бөлек шектей отырып, қазбалы отынмен жұмыс істейтін компаниялардың кірісіне салық салуды көздеп отыр.
Осы аптада Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен еуропаның электр энергиясының қымбаттауына қарсы күрес жоспарын жариялайды деп күтілуде.
Мұнай-газ компаниялары «ынтымақтастық жарнасы» деп аталатын күтпеген пайдаға салынатын салыққа тап болады. Мерзімі өтіп кеткен құжатта 2022 жылы мұнай, газ және көмір компанияларының пайдасы бес есе артады делінген. Комиссияның айтуынша, бұл «артық» және «күтпеген» табыс көзі экономикалық немесе инвестициялық шешімдердің нәтижесі емес. Бұл Украинадағы соғыстың салдарынан туындаған энергетика нарығындағы оқиғалардың көрсеткіші. Салық ставкасы құжатта көрсетілмеген.
Fox news АҚШ пен басқа да дамыған елдердің мемлекеттік қарыздарын салыстырды.
АҚШ үкіметінің қарызы ұлғайып барады. Бүгінде ол 31 триллион долларға жетті. Басқа елдердің шығындары пандемиямен күресуге жұмсалған. Ал Конгресстің шығындары вирус басталмас бұрын-ақ өсіп кеткен.
Әлем бойынша ең үлкен қарызға батқан Америка. Оның — 30,9 трлн доллар берешегі бар. USdebtclock.org деректеріне сүйенсек, 333 миллионнан астам халықтың қарызы бір адамға шаққанда – 92 709 долларды құрайды. Ал салық төлеушілердің үлесі – 245 191 доллар. Бұл мемлекеттік қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы 97,53% .
«Үлкен жетілік» мемлекеттеріне тоқталып өтсек:
New York Times Байден АҚШ –та барлығы тұрақты екенін көрсеткісі келетінін жазды. Оның бұл ойыны тіпті оның жақтастарының қытығына тиіп отыр.
Экономикадағы жағдай туралы соңғы есептің өзі Президентке жақтас экономисттердің көңілінен шықпады. Байден кішкене болса да қадамын өзгертудің орнына, инфляциямен күрес үшін әкімшілік қабылдаған шаралардың барлығы тиімді екенін алға тартып отыр. Қытай мен Ресейдің агрессивті саясаты құлдыраудан құтылуға кедергі болып отыр. Олардың әр бір әрекеті бағаның күн санап өсуіне әкелді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…