АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстан үкіметін алдағы сайлауға, оның ішінде 2023 жылы өтетін парламенттік сайлауға қатысты ЕҚЫҰ ұсыныстарын толығымен орындауға шақырды.
Америка Құрама Штаттары ЕҚЫҰ демократия институттары және адам құқықтары жөніндегі бюросының президент сайлауын бақылау миссиясының алдын ала қорытындыларымен келіседі және олардың Қазақстанда болуын құптайды. ЕҚЫҰ сайлау күні тыныш өтсе де, дауыс беру процедуралары сақталса да, елеулі саяси бәсекелестік болмады, сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарға шектеу қою жалғасты,
делінген хабарламада.