АҚШ Әбілязовты қыркүйектің соңына дейін барлық кірісін жариялауға міндеттеді

Нью-Йорк соты Мұхтар Әбілязовқа адвокаттардың қызметтері үшін және Алматы қаласының әкімдігі мен БТА банкінің шығындары үшін 140 115 доллар төлеуге міндеттеген. Алайда ол сот шешімін орындамады.  

АҚШ-тың Оңтүстік округі бойынша аудандық соты Мұхтар Әбілязовты 30 қыркүйекке дейін барлық тікелей және жанама кіріс көздерін жариялауға міндеттеді. Бұл туралы БТА банкінің ресми сайтында жазылған.

Егер ол соттың талабын елемей, «БТА Банкі» мен Алматы қаласы әкімдігінің алдындағы 140 мың доллар сомасындағы шығындарын өтемейінше, күн сайын 1000 доллар мөлшерінде айыппұл санкциялары салынып отырады.

2019 жылдың шілдесінде сот талапкерлері Мұхтар Әбілязовты сот отырысына қатысудан және дәлелдемелерді жариялаудан бас тартқаны үшін қосымша санкциялар алу туралы өтініш берді. Сонымен қатар, сот алқабилердің алдағы сот отырысында Әбілязовты қорғауға жаңа айғақтар ұсынбауға кеңес берді. Бұл санкция қазылар алқасына Әбілязовтың кінәсін растайтын айғақтарды жасыруға нұсқау болып табылады.

Сот талапкерлердің осы процесте шығындар сомасына қатысты уәждерін ескеріп, Әбілязовтан шығын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Ол 2020 жылдың 7 мамырына дейін 140 115 доллар төлеуі керек еді. Осы күнге дейін Әбілязов сот ұйғарған қаулыны орындамады.

16 тамызда АҚШ судьясы Кэтрин Х. Паркер тыңдау өткізді. Әбілязов телефон арқылы ұлының көмегімен аудармашы ретінде сөз сөйледі.

Сот отырысында Әбілязов  сот қаулысын орындамағанын мойындады. Бірақ, өз әрекетін түсіндіруге тырысты.

19 тамызда судья Паркер қаулы шығарды. Яғни Әбілязов ақталуға тырысқан кез келген сылтау қабылданбады. Соның ішінде:

  • Сот Әбілязовты жазалау туралы нақты бұйрық шығарды. Оның қаулыға қарсылығын АҚШ аудандық судьясы Элисон Натан қабылдамады.
  • Әбілязов сот шешімін орындамағаны анық. Ол оны орындауға ешқандай әрекет жасамады.
  • Сондай-ақ оның әрекеті мен аталмыш мінез-құлқы сотты құрметтемеушілік болып танылды. Ол мүшкіл қаржы жағдайына қатысты сотта ешқандай дәлел келтірмеген.

Енді соттың шешімімен Әбілязов 30 қыркүйекке дейін өзінің барлық активтері туралы ақпаратты беруге міндетті. Орындамаған жағдайда сотты құрметтемеу туралы үкімнен бөлек, күніне 1000 доллар көлемінде айыппұл салынатын болады.

Мұхтар Әбілязов және оның сыбайластары Қазақстаннан ақша жымқырып АҚШ-қа жіберген. Алматы қаласы мен БТА Банкі алты жыл бұрын Нью-Йорктегі сот процессін бастағандардың бірі еді. Басқа елдердегі сот тергеулері көрсеткендей, Әбілязов жалған несиелер беру арқылы БТА Банкінің миллиардаған долларын жымқырған. Бұл әрекеті үшін ол Қазақстанда сотталды. Ал АҚШ-та ол азаматтық жауапкершілікке тартылды.Тергеу барысында талапкерлер Әбілязов жасаған қылмысқа байланысты қосымша тың дәлелдер тауып, куәгерлердің айғақтарын жинаған. Алқабилердің қатысуымен сот отырысы осы жылдың күзінде Нью-Йоркте өтеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago