Categories: Маңызды

II Елизавета қайтыс болды. «Лондон көпірі құлау» операциясы көкке ұшты

8 қыркүйекте Ұлыбритания патшайымы II Елизавета қайтыс болды. 96 жыл өмір, 70 жыл билік басында… Тіпті оның бейбіт қайтыс болуы да Ұлыбританияның билік құрылымдары үшін сынақ болды, олар бұл сынақтан өте алмады.

Енді Елизаветаның танымал ұлы III Чарльз Ұлыбританияның королі болады. Патшайымның жерлеу рәсімі 10 күннен кейін өтеді, бұған дейін ұзақ іс-шаралар бағдарламасы болады. Айта кетейік, Елизавета күйеуі Филипптен кейін бір жарым жыл ғана артық өмір сүрді.

Қауесет премьер-министрдің кабинетінен тарап кетті

Негізінде патшайымның өлімі туралы бірінші болып корольдік резиденцияның, Букингем сарайының өкілдері хабарлауы керек болған. Өкінішке қарай, бәрі жоспардан тыс болып кетті.

D-Day хаттамасына сәйкес патшайымның бақилық болғаны туралы бірінші болып ресми тұлға — премьер-министрге хабарланды. Қорғалған байланыс желісі бойынша оған Елизаветаның жеке хатшысы қоңырау шалып, «Лондон көпірі құлады» деген сөз тіркесін айтты — бұл «London Bridge операциясы» патшайыммен қоштасу мен жерлеудің арнайы жоспарын бастауға арналған код. Ол 1960 жылы жасалып, жыл сайын жаңартылып отырды.

The Guardian жазғандай, премьер бұл жаңалықты министрлер кабинетінің хатшысына, ол өз кезегінде министрлер кабинетінің кеңсесіне хабарлады, алайда сол жерден «ақпарат көздері» өздерінің БАҚ-тағы серіктестеріне жедел түрде хабарлай бастады. Ұлыбританияның жетекші журналистері II Елизаветаның қайтыс болғаны туралы баяғыда біліп отырғанда Букингем сарайының өкілдері патшайымның қайтыс болғаны туралы бүкіл елге ресми түрде мәлімдеді.

10 күндік қоштасу рәсімі

Алдын ала әзірленген D-DAY жоспарына сәйкес, Ұлыбритания II Елизаветаны 10 күн бойы шығарып салады.

9 қыркүйек — бірінші күн. Сағат 10: 00-де (Нұр-Сұлтан бойынша 15: 00-де) III Карл ресми түрде жаңа патша болып сайланады, оған үкімет мүшелері мен Сент Джеймс сарайындағы Құпия кеңес мүшелері қатысады. Іс-шараға бәрі қара костюм-шалбар киеді және зергерлік бұйымдар тақпайды. Сонымен бірге, көңіл айту үшін парламент жиналады, алдағы он күнде олар жұмыс істемейді.

Екінші күні Елизаветаның денесі бар табытты Эдинбургке әкеледі, сол жерде Холируд сарайында еске алу шарасы өтеді. Содан кейін табыт Лондонға жіберіледі. Үкімет мүшелері мен премьер-министрмен бірге оны Букингем сарайына апарады.

Үшінші күні патша III Карл парламенттің алдына шығады, содан кейін Шотландияға барып, ел аралауға аттанады.

Төртінші күні III Карл Солтүстік Ирландияға келеді.

Бесінші күні II Елизавета денесі бар табыт Вестминстер сарайына, шіркеу қызметіне әкелінеді.

Алтыншы күннен тоғызыншы күнге дейін марқұм патшайымның денесі қоштасу үшін ашық болады (23/24 режимінде). Тек жоғары лауазымды шенеуніктер мен VIP адамдар қоштасу үшін белгілі бір уақытқа тапсырыс бере алады.

Жетінші күні патша III Карл Уэльске келеді, осылайша Ұлыбританияның монархия ретінде барлық субъектілерін аралап шығады.

Оныншы күні Вестминстер аббаттығында ресми жерлеу басталады, жалпыұлттық үнсіздік минуты жарияланады. Вестминстерде жаназа оқылғаннан кейін жерлеу рәсімі Лондонның орталығы арқылы Виндзорға өтеді. Виндзор қамалының шіркеуінде II Елизавета ата-анасының — патша VI Георгий және патшайым Елизавета және сіңлісі ханшайым Маргареттің қасына жерленеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago