АҚШ геосаясатына «Никсонның икемі» жетпейді. 20 шілде

Әлемдік БАҚ-қа шолу

Netflix көрерменін жоғалтып жатыр, бірақ жағдай қалпына келетіні болжанды

The Wall Street Journal басылымы Netflix ағынды видео сервисі есебін талдайды. Компания тарихта алғаш рет екінші тоқсан қатарынан жазылушыларын жоғалтып жатыр. Дегенмен басылым маусым айында сервистен бас тартқан көрермен саны бұрын болжанғаннан әлдеқайда төмен – күтілген екі миллионның орнына 790 мың ғана екенін айтып өтті.

Бұл нәтиже Netflix-ке үлкен дағдарыс өтіп кеткенін және жыл соңына дейін компания қолданушылар санын қалпына келтіріп қана қоймай, оларды кем дегенде бір миллионға көбейтуді көздеп отыр деп жариялауға мүмкіндік берді. Netflix жазылым шарттарын өзгертуді жоспарлап отыр, атап айтқанда, ортақ бағдарламалар пакеттерін қосады. Демек қазіргідей жазылу болмайды, бірақ фильмдерде жарнама көрсетіледі.

Сендерде Никсон қабілеті жоқ

Вloomberg АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджерден алған сұхбатын жариялады. Ол президент Никсонның бас дипломаты болған, қазір 99 жаста. Генри Киссинджер басқа мәселелермен қатар АҚШ-Қытай қарым-қатынасы туралы да айтты. Кейінгі президенттердің Қытаймен текетіреске құрылған саясаты Бейжіңге жаһандық гегемон болуға мүмкіндік берді. Ал Байденнің қазіргі әрекеттері жағдайды одан сайын ушықтырып жатыр.

Сонымен қатар, Ресей-Еуропа шиеленісіне қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, Киссинджер Еуропа саясаткерлерінің құрлықтағы «жел бағытын» жоғалтқанын және Ресей ықпалын барынша азайтатын теңдестірілген шешімдердің орнына өз халқының өмір сүру деңгейін төмендетіп жібергенін айтты. Ал мұның соңы саясаткерлер үшін жақсылықпен аяқталмайды.

Бар кінә климат мәселесінде жатыр

The Guardian басылымы Ұлыбританиядағы бұрын-соңды болмаған аптап ыстық тақырыбын әлі әсірелеп жатыр.

Англияның оңтүстік-шығысындағы үй шаруашылықтары суды үнемдеуге, соның ішінде кір жуғыш машиналарды пайдаланбауға кеңес берілген, олай етпесе, айыппұл төлеуі мүмкін. Ал диқандарға қуаңшылық мал азығына зиянын тигізіп жатқаны ескертілді.

Эксперттер қазіргі ыстық кезең салдарынан мыңға жуық адам қаза болуы мүмкін екенін айтады. Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебі зерттеушілері пікірінше, мұндай шығын 2000 жылдан 2019 жылға дейін тіркелген бүкіл жазда аптап ыстыққа байланысты артық өлім-жітімнен жоғары болады.

Сонымен бірге, эколог ғалымдар мұндай ыстық толқын әр 3 жыл сайын қайталанатынын айтты. Өйткені климат апокалипсисі кінәсі зиян шығарындыларға байланысты.

Метеорологиялық бюроның ғылыми бөлім жетекшісі, профессор Стивен Белчер былай деп ескертті:

«Климатты тұрақтандырудың жалғыз жолы – таза нөлдік шығарындыға қол жеткізу… жақын арада».

Бізге ондай министрліктің керегі жоқ

Fox news бұрынғы білім министрі Бетси ДеВос өзі басқарған бөлімді жою керек деп айтқанын жазды. Флорида штатының Тампа қаласында өткен «Аналар еркіндігі үшін» саммитінде сөйлеген сөзінде ДеВос білім беру шешімдерін орталықтанған күйінде емес, штат үкіметтері мен оқу орындарының өз деңгейінде қабылдану керек екенін айтып өтті.

ДеВостың өзі Білім министрі кезінде орталықтың оқу процесіне ықпалын азайту үшін бірнеше рет әрекет еткенімен белгілі. Сол үшін оны қызметінен алып тастады. Экс-министрдің ұсынысы қоғамда кеңінен қолдау тапты. Өйткені осы айдың басында Білім министрлігі «жергілікті деңгейде отбасылардың өзара әрекеттесуіне көмектесудің мәнді жолдарын табу құралы ретінде ата-аналармен және отбасылармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық кеңес» құрылғанын жариялады.

Шенеуніктер комитет студенттерге пандемиядан арылуға көмектесу мақсатында мектептер не істей алатынын білу үшін «тыңдалымдар» өткізетінін айтты. Кеңес Байден әкімшілігін сынау толқынынан кейін құрылды. Әкімшілік мектептерде маска тағуға қарсы және жалпы білім беру мәселелері бойынша орталық үкіметті сынайтын ата-аналар Патриотизм заңы аясында «үйдегі терроризм» ретінде қаралады деген идеяны алға тартуға тырысты.

Тәуелсіздік аламыз деп қорқыту

New York Times  Өкілдер палатасы федералды деңгейде біржынысты некеге рұқсат беретін заң шығару үшін қоғамдық пікірге дайындықты күшейткенін хабарлады.

Консерватив штаттар мұндай заңның қабылдануына кедергі келтіріп қана қоймай, федералдық биліктен тәуелсіздік жариялауға дейін жететін дауыл шығарамыз деп қорқытып жатыр.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

3 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago