Коронавирус шектеулері қайта қаралады

Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВМК) Қазақстандағы шектеу шараларын қайта қарады.

Кейінгі аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру 3,2 есеге өскені айтылды. Ауырғандардың 89%-ке дейінгісі — вакцина салдырмағандар және кейінгі алты айда ревакцинация жасамағандар.

Сонымен, өңір «жасыл» аймақта болса, бірақ R саны көбейсе, жабық мекемелер мен қоғамдық көліктерде маска тағу ұсынылады.

Өңір «сары» аймаққа өтсе:

  • аурумен байланысқан адамдарды қашықтан жұмыс стеуге ауыстыру;
  • COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған, бірақ COVID-19 вакцинациясына абсолют қарсы көрсеткіштері бар қызметкерлерді қашықтан жұмысқа ауыстыру;
  • білім беру ұйымдарында топтарды біріктіретін іс-шаралар өткізуді тоқтату (топтарда шара өткізуге рұқсат етіледі);
  • объектілерде санитар-дезинфекция режимінде ұстау, объектілердегі үй-жайларды күнделікті ылғалды тазалау және желдету.

Медицина маскасын мына жерлерде тағу ұсынылады:

  • адам көп жиналатын жерлерде (әуежайда, теміржол вокзалдарында, автовокзалдарда, базарларда, сауда орталықтарында, сауда үйлерінде, театрларда, кинотеатрларда, ХҚКО-да, банктерде, көрермен қатысатын спорт шараларында);
  • ұйымдасқан ұжымдарда;
  • көліктің барлық түрінде (қоғамдық көлік, әуе, теміржол, халықаралық автобус тасымалы).

Ведомствоаралық комиссияға «Атамекен» ҰКП және мүдделі мемлекеттік органдармен «қызыл» аймаққа көшу кезінде қарастырылған шараларды қосымша талқылау да тапсырылды.

Еске салайық, COVID-19 инфекциясының эпидемиология жағдайын бағалаудың қазіргі матрицасы бұған дейін жаңартылған еді. Эксперттер ауру көрсеткішін 100 000 халыққа шаққандағы төсек-орынмен қамту көрсеткішімен ауыстырды, оны «жасыл», «сары» және «қызыл» деп үш аймаққа бөлді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago