АҚШ конгресінің өкілдер палатасы TikTok-ты пайдалануға тыйым салды

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы заң шығарушы орган мүшелері мен қызметкерлеріне жұмыс құрылғыларында қытайлық TikTok әлеуметтік желісін пайдалануға тыйым салды.

«Америка дауысы» басылымының хабарлауынша, тиісті ақпаратты өкілдер палатасының әкімшілік істер жөніндегі комитеті жіберген. 

Киберқауіпсіздік TikTok мобильді қосымшасы бірқатар қауіпсіздік қатерлеріне байланысты пайдаланушылар үшін қауіп төндіреді деген қорытындыға келді,

делінген хабарламада.

Хаттамаға сәйкес, TikTok қолданбасын құрылғыларына орнатқан пайдаланушылар оны өшіріп тастауы керек.

Бұған дейін АҚШ сенаты мемлекеттік қызметкерлерге федералды үкіметтің электронды құрылғыларында TikTok қолданбасын пайдалануға тыйым салатын заң жобасын бірауыздан мақұлдаған болатын.  

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago