АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ресми сапармен келді. Бұл туралы Twitter-де мемлекеттік хатшымен бірге ұшқан журналистер мәлімдеді.
АҚШ мемлекеттік департаменті пулының журналисі Иэн Марлоудың Twitter-дегі парақшасына жазуынша, ұшақ Астанаға түнде қонды.
Айта кетейік, 2023 жылғы 27 ақпанда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы әуежайдан түсірілген сурет жариялап, сонымен қатар Энтони Джон Блинкен Қазақстанға, Өзбекстанға және Үндістанға сапарлайтынын жазды.