28 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш рет келеді. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Астанада АҚШ мемлекеттік хатшысын президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөз жүргізеді. Сол күні Астанада Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы кездесу өтеді. Онда өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестікті дамыту мәселелері талқыланады.
АҚШ мемлекеттік департаментінің жазуынша, Блинкен 28 наурыз және 3 наурыз аралығында Қазақстанмен қатар Өзбекстан және Үндістанға сапарлайды Ол Астанада қазақстандық ресми тұлғалармен кездесіп, екіжақты әріптестікті нығайту мәселелерін талқылайды.