Корея Республикасы мен АҚШ бірлескен Ulchi Freedom Shield жаттығуларын бастады, деп жазады Yonhap ақпарат агенттігі.
Кейінгі 4 жылда алғаш рет компьютерлік модельдеуге негізделген командалық жаттығулар емес, далада болатын маневрлер өтеді. Жаттығу 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
Тараптар ауқымды соғыстың сценариін әзірлеуі керек. Олар Қытай басқыншылық әрекет жасаған жағдайда астана аймағын қорғау бойынша іс-қимылды шыңдайды. Сонымен қатар, әскерилер қарсы шабуылға баса назар аударады. Барлығы 13 далалық маневр бағдарламасы жоспарланған.
Оған қоса, Оңтүстік Корея үкіметінің жетекшілігімен 4 күндік азаматтық қорғаныс жаттығулары өтеді. Ulchi Freedom Shield жаттығулары кезінде атом электр станциясындағы (АЭС) жарылғыш құрылғыны анықтау, жартылай өткізгіш зауытындағы өрт, банк жүйесінің күйреуі және т.б. сценарилері жетілдіріледі.
Бұған дейін АҚШ пен Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрліктері Солтүстік Кореяның жиі зымыран ұшыруына байланысты әскери ынтымақтастықты нығайту туралы шешім қабылдағаны хабарланған еді.