Саясат

АҚШ пен Ресей әлемдегі ядролық арсеналдың 89%-на ие

Орналастырылған ядролық қару саны бойынша Құрама Штаттар Ресейден алда

2023 жылдың басында, Стокгольм бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) бағалауынша, ядролық державаларда жалпы саны 12,5 мыңнан астам ядролық оқтұмсық болды, алайда бұл былтырғыдан 1,5% аз.

Бұл ретте ұрысқа жарамды ядролық оқтұмсықтар бір жылда 1,4% көбейіп, 9,6 мыңға жетті. Оның ішінде 3,8 мың оқтұмсық орналастырылған күйде, яғни зымырандарға орналастырылған немесе жедел әрекет ететін базаларда орналасқан. Олардың саны бір жылда 3% өсті. Орналастыруға дейін дайындауға уақыт қажет болатын орталық қоймалардағы оқтұмсықтардың саны іс жүзінде өзгеріссіз қалды: 5,7 мың бірлік.

Барлық сандар SIPRI авторларының бағалауына және көпшілікке арналған ақпаратқа негізделген шамамен берілген және кейбір белгісіздіктер бар.

Бүгінде әлемде 9 ядролық держава бар. Барлық ядролық қарудың 89%-ы тек АҚШ пен Ресейде ғана шоғырланған. Сонымен қатар, егер РФ-да жалпы ядролық оқтұмсық ең болса (5,9 мың бірлік, АҚШ-та 5,2 мың бірлік), орналастырылған оқтұмсықтар ең көп АҚШ-та (1,8 мың бірлік, Ресейде 1,7 мың бірлік). Бұл екі елден басқа, ядролық қару Франция мен Ұлыбританияда да орналастырылған: тиісінше 280 бірлік және 120 бірлік.

Сонымен қатар, Қытай (410 бірлік), Пәкістан (170 бірлік), Үндістан (164 бірлік), Израиль (90 бірлік) және Солтүстік Кореяда (30 бірлік) жалпы ықтимал ұрысқа дайын 864 бірлік ядролық қару бар.

Ядролық қаруды өндіру уранды байытудың күрделі технологиялық процесін талап етеді. 2022 жылға қарай әлемде уран байыту бойынша 22 ірі зауыт бар. Оның ішінде 17 зауыт азаматтық сипатта, яғни олар атом электр станцияларындағы ядролық реакторларға қажетті уранды байытуды қамтамасыз етті. Әскери қажеттіліктер үшін 3 зауыт пайдаланылды: біреуі Үндістанда, қуаты жылына 15–30 мың ЕРР және екеуі Пәкістанда, мұнда бір зауыттың қуаты жылына 15–45 мың ЕРР, ал екіншісіне қатысты дерек жоқ. Сонымен қатар, Солтүстік Кореядағы уран байыту зауытының түрі анықталмады, Қытайдағы 4 зауыттың бірі қос мақсаттағы нысан.

Уран байыту бойынша ең үлкен қуат Ресейге тиесілі: бір ғана Новоуральск зауытында жылына 13,3 млн ЕРР шығара алады, ал тағы үш зауытта жылына 3,8 млн-нан 7,9 млн-ға дейін. Францияның (жылына 7,5 млн ЕРР), Нидерландтың (жылына 5,2 млн ЕРР), АҚШ-тың (жылына 4,9 млн ЕРР) және Ұлыбританияның (жылына 4,5 млн ЕРР) қуаты да айтарлықтай.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago