АҚШ Украинадағы соғысқа байланысты Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыровқа қарсы санкциялар енгізді. Бұл тізімде Қадыровтың үш қызы мен үш әйелі де бар. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.
Санкциялар тізіміне барлығы 22 жеке және екі заңды тұлға енгізілген. Олардың ішінде: Ресей президентінің көмекшісі Максим Орешкин, ұлттық төлем карталары жүйесінің бас директоры («Мир» карталарының операторы) Владимир Комлев, балалар омбудсмені Мария Львова-Белова және Ұлттық есеп айырысу депозитарийінің басшысы Виктор Жидков.
Херсон және Запорожье облыстарының оккупациялық әкімшіліктерінің басшылары Владимир Рогов пен Евгений Балицкий, Украинада соғысып жүрген «Русич» ультра оңшыл тобы мен оның басшылары Алексей Милчаков пен Ян Петровский де осы шектеулерге ұшырады.
- 2020 жылдың шілдесінде АҚШ Мемлекеттік департаменті Рамзан Қадыровқа Шешенстандағы адам құқықтарын өрескел бұзуға байланысты санкциялар енгізген еді. АҚШ билігінде Қадыровқа қатысты тың деректер жиналған деседі. Ол адам құқықтарын бұзып, оның ішінде азаптау және соттан тыс өлім жазаларын қолданды деген ақпарат бар.
- 2017 жылы АҚШ Қаржы министрлігі Кадыровты «Магнитский» тізіміне енгізді. Қаржы министрлігінің мәліметінше, Шешенстан басшысының сот шешімінсіз ауыр жазалар қолданып, адамды азамтап, олардың құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.