Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > АҚШ Сауд Арабиясына ұнағысы келеді, бірақ Қытайдан жеңіліп жатыр. 7 желтоқсан
Шетел басылымына шолу

АҚШ Сауд Арабиясына ұнағысы келеді, бірақ Қытайдан жеңіліп жатыр. 7 желтоқсан

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 07.12.2022
Обновлено 07.12.2022 в 04:12
Поделиться
Поделиться

Әлемдік БАҚ не туралы жазды.

Мазмұны
Директор ұрлады — компания кінәліХанзада сотталмайдыХанзаданы ақтау көмектеспейдіТайвань Қытайдың шабуылынан қорқадыПолицейлер өле берсін

Директор ұрлады — компания кінәлі

The Wall Street Journal экс-президент Дональд Трамптың екі компаниясын баға келісімі, салықтық алаяқтық және іскерлік құжаттаманы бұрмалау үшін бірден кінәлі деп таныған алқабилердің үкімі туралы жазды. Екеуіне де жалпы сомасы 1,6 миллион доллардан астам айыппұл салынуы мүмкін.

Айыптау Трамптың қаржы директоры болып ұзақ жылдар жұмыс істеген Аллен Вайссельбергтің айғақтарына негізделген. Ол бұған дейін бес айлық түрме жазасының орнына алаяқтық фактілерін мойындау туралы келісімге келген.

Вайссельберг айтқанның бәрі тек өзін байыту үшін істеген жеке бастамасы болды деген Трамп адвокаттарының дәлелдерін алқабилер ескермеді. Осылайша, Нью-Йорк соты Трамптың 2024 жылы президенттікке үміткер болу мүмкіндігін төмендететін тағы бір тосқауыл қосты.

Ханзада сотталмайды

New York Times газетінің хабарлауынша, АҚШ соты журналист Джамаль Хашоггиді өлтіру бойынша Сауд Арабиясының билеушісіне қарсы сот ісін қабылдамады. Басылымның хабарлауынша, ханзада Мұхаммед бин Салманды айыптаған үш жылға жалғасқан сот ісі Байден әкімшілігінің нұсқауымен аяқталды.

Басылымның шолушысы ханзада Сауд Арабиясының журналисін өлтірді деген айыптауды АҚШ мұнай көлемі мен бағасына қатысты қысым құралы ретінде пайдаланғысы келгеніне сенімді. Алайда, биылғы оқиғалар көрсеткендей, қорқыту нұсқасы жұмыс істемеді, және энергетикалық дағдарыс қаупінің қысымымен Байден әкімшілігі әлемдік нарықтағы ең ірі мұнай жеткізушімен қарым-қатынасты жақсартуға шешім қабылдады.

Ханзаданы ақтау көмектеспейді

Вloomberg АҚШ Сауд Арабиясының ханзадасымен татуласуға тым кеш кірісті деп санайды. Мұхаммед бин Салман АҚШ президенті Джо Байденнің мұнай өндіруді ұлғайту туралы үндеуін қабылдамағаннан кейін екі ай өткен соң Си Цзиньпинге қызыл кілем төседі.

Си Сауд Арабиясына бүгін, 7 желтоқсанда келеді және оның сапары бірнеше күнге жоспарланған. Қытай басшысы Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманмен және басқа да Араб басшыларымен өтетін аймақтық саммитке қатысады. Шамамен 30 миллиард долларға бірнеше келісімдер жасау жоспарлануда.

Кейбір мәліметтер бойынша, мәмілелердің көпшілігі энергетика, инфрақұрылым және қауіпсіздік саласында жасалады. Яғни, АҚШ-тың қарауындағы Таяу Шығыс салаларында.

Тайвань Қытайдың шабуылынан қорқады

The Guardian Тайваньның Сыртқы істер министрі Джозеф Ву қытайлық ковидке наразылық білдірушілерді қолдады деп жазады, бірақ егер демонстрациялар тоқтамаса, Бейжің Тайваньды кінәлі етуге тырысуы мүмкін деп қорқады.

Біз Қытай үкіметі ішкі назарды басқаға аудару үшін сыртқы дағдарыс тудыруға тырысуы мүмкін деп алаңдаймыз. Бейжің Тайваньды нысанаға алып, тәртіпсіздіктердің тууына біз себеп болдық деп айыптауы мүмкін,

деді Ву.

Сыртқы істер министрі өткен аптада Қытай баспасөзі мен әлеуметтік желілерде Қытайдағы наразылықтарға шетелдік қатысу туралы мәлімдемелер аясында Тайвань бірнеше рет аталғаннан кейін өз алаңдаушылығын білдірді. Алайда бұл сөздер шенеуніктердің аузынан шықпады.

Полицейлер өле берсін

Fox news Сан-Францискодағы қадағалау органдары өлтіруші роботтарды пайдалануды уақытша тоқтатты деп жазады. Бір апта бұрын полиция роботтарды атыс қаруының қандай да бір түрімен жабдықтауды жоспарламайтынын айтып, қала билігінен рұқсат алды. Алайда «төтенше жағдайларда», егер күдіктіні ұстау барысында полицейдің өліп кету қаупі болса олар «агрессивті немесе қарулы субъектісі бар құрылымды бұзу үшін жарылғыш зарядты жеткізу» үшін пайдаланылуы мүмкін.

Мақұлдау күдіктіні өлтіру үшін роботтарды қолдану қаншалықты этикаға сай деген қызу пікірталас тудырды, арты митингілерге ұласты. Нәтижесінде Сан-Франциско мэриясы мақұлдауын «одан әрі қоғамдық талқылауға жіберу керек» деп шешім қабылдады.

Басылым 2016 жылы Даллас полиция бөлімі бес полиция қызметкерін өлтірген және тағы тоғыз адамды жарақаттаған мергенмен қақтығыс кезінде күдіктіні роботпен бірінші болып жойғанын еске салды.

ТЕГи: Трендте
Анара Бауыржанқызы 07.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Қоғам

Әдепсіз стэндап-комик жазаға тартылды

24.05.2024
Қоғам

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

15.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?