Әлемдік БАҚ не туралы жазды.
The Wall Street Journal экс-президент Дональд Трамптың екі компаниясын баға келісімі, салықтық алаяқтық және іскерлік құжаттаманы бұрмалау үшін бірден кінәлі деп таныған алқабилердің үкімі туралы жазды. Екеуіне де жалпы сомасы 1,6 миллион доллардан астам айыппұл салынуы мүмкін.
Айыптау Трамптың қаржы директоры болып ұзақ жылдар жұмыс істеген Аллен Вайссельбергтің айғақтарына негізделген. Ол бұған дейін бес айлық түрме жазасының орнына алаяқтық фактілерін мойындау туралы келісімге келген.
Вайссельберг айтқанның бәрі тек өзін байыту үшін істеген жеке бастамасы болды деген Трамп адвокаттарының дәлелдерін алқабилер ескермеді. Осылайша, Нью-Йорк соты Трамптың 2024 жылы президенттікке үміткер болу мүмкіндігін төмендететін тағы бір тосқауыл қосты.
New York Times газетінің хабарлауынша, АҚШ соты журналист Джамаль Хашоггиді өлтіру бойынша Сауд Арабиясының билеушісіне қарсы сот ісін қабылдамады. Басылымның хабарлауынша, ханзада Мұхаммед бин Салманды айыптаған үш жылға жалғасқан сот ісі Байден әкімшілігінің нұсқауымен аяқталды.
Басылымның шолушысы ханзада Сауд Арабиясының журналисін өлтірді деген айыптауды АҚШ мұнай көлемі мен бағасына қатысты қысым құралы ретінде пайдаланғысы келгеніне сенімді. Алайда, биылғы оқиғалар көрсеткендей, қорқыту нұсқасы жұмыс істемеді, және энергетикалық дағдарыс қаупінің қысымымен Байден әкімшілігі әлемдік нарықтағы ең ірі мұнай жеткізушімен қарым-қатынасты жақсартуға шешім қабылдады.
Вloomberg АҚШ Сауд Арабиясының ханзадасымен татуласуға тым кеш кірісті деп санайды. Мұхаммед бин Салман АҚШ президенті Джо Байденнің мұнай өндіруді ұлғайту туралы үндеуін қабылдамағаннан кейін екі ай өткен соң Си Цзиньпинге қызыл кілем төседі.
Си Сауд Арабиясына бүгін, 7 желтоқсанда келеді және оның сапары бірнеше күнге жоспарланған. Қытай басшысы Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманмен және басқа да Араб басшыларымен өтетін аймақтық саммитке қатысады. Шамамен 30 миллиард долларға бірнеше келісімдер жасау жоспарлануда.
Кейбір мәліметтер бойынша, мәмілелердің көпшілігі энергетика, инфрақұрылым және қауіпсіздік саласында жасалады. Яғни, АҚШ-тың қарауындағы Таяу Шығыс салаларында.
The Guardian Тайваньның Сыртқы істер министрі Джозеф Ву қытайлық ковидке наразылық білдірушілерді қолдады деп жазады, бірақ егер демонстрациялар тоқтамаса, Бейжің Тайваньды кінәлі етуге тырысуы мүмкін деп қорқады.
Біз Қытай үкіметі ішкі назарды басқаға аудару үшін сыртқы дағдарыс тудыруға тырысуы мүмкін деп алаңдаймыз. Бейжің Тайваньды нысанаға алып, тәртіпсіздіктердің тууына біз себеп болдық деп айыптауы мүмкін,
деді Ву.
Сыртқы істер министрі өткен аптада Қытай баспасөзі мен әлеуметтік желілерде Қытайдағы наразылықтарға шетелдік қатысу туралы мәлімдемелер аясында Тайвань бірнеше рет аталғаннан кейін өз алаңдаушылығын білдірді. Алайда бұл сөздер шенеуніктердің аузынан шықпады.
Fox news Сан-Францискодағы қадағалау органдары өлтіруші роботтарды пайдалануды уақытша тоқтатты деп жазады. Бір апта бұрын полиция роботтарды атыс қаруының қандай да бір түрімен жабдықтауды жоспарламайтынын айтып, қала билігінен рұқсат алды. Алайда «төтенше жағдайларда», егер күдіктіні ұстау барысында полицейдің өліп кету қаупі болса олар «агрессивті немесе қарулы субъектісі бар құрылымды бұзу үшін жарылғыш зарядты жеткізу» үшін пайдаланылуы мүмкін.
Мақұлдау күдіктіні өлтіру үшін роботтарды қолдану қаншалықты этикаға сай деген қызу пікірталас тудырды, арты митингілерге ұласты. Нәтижесінде Сан-Франциско мэриясы мақұлдауын «одан әрі қоғамдық талқылауға жіберу керек» деп шешім қабылдады.
Басылым 2016 жылы Даллас полиция бөлімі бес полиция қызметкерін өлтірген және тағы тоғыз адамды жарақаттаған мергенмен қақтығыс кезінде күдіктіні роботпен бірінші болып жойғанын еске салды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…