АҚШ штаты бірінші болып TikTok-қа заңмен тыйым салды

АҚШ-та Монтана TikTok қосымшасына тыйым салған алғашқы штат болды. Бұл туралы шет елдік БАҚ жазды.

Заңға штат губернаторы қол қойды.

Монтана тұрғындарының жеке деректерін Қытай Коммунистік партиясынан қорғау үшін мен TikTok-қа тыйым салдым,

деп жазды Джанфорте Twitter-де.

Осылайша, Монтана аталған мобильді қосымшаға тыйым салған АҚШ-тың алғашқы штаты болды.

1 қаңтарда күшіне енетін заң TikTok-қа Монтана штатында жұмыс істеуге және Apple App Store және Google Play Store сияқты қосымшалардың дүкендеріне штатта жүктеп алуға қолжетімді етуге тыйым салады.

Заң бұзғандарға күніне 10 000 долларға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Дегенмен пайдаланушыларға айыппұлдар қолданылмайды.

Бұған дейін хабарланғандай, өткен жылдың соңында АҚШ Конгресі федералды үкіметтің телефондары мен электронды құрылғыларында TikTok әлеуметтік желісін пайдалануға тыйым салатын заң жобасын мақұлдаған болатын. Ақпанда Ақ үй барлық федералды агенттіктерге қытайлық қосымшаны үкіметтік құрылғылардан алып тастауға 30 күн мұрсат берген еді.

Өз кезегінде АҚШ заңгерлері президентке TikTok-қа толық тыйым салуға мүмкіндік беретін заң жобасын қарастыруды жоспарлап отыр,

деп жазады Guardian басылымы.

АҚШ билігінің айтуынша, Қытай билігі бұл қосымшаны америкалықтардың жеке деректерін жинау үшін пайдалануы мүмкін.

Айта кетерлігі, TikTok-тың АҚШ-та 100 миллионнан астам қолданушысы бар. Сондықтан мұндай тыйымдардың пайдаланушыларға қалай әсер ететіні басы ашық мәселе болып қалып отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago