Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Әлеуметтік желіге шолу > АҚШ-та 3 қара нәсілдіні жайратып салған қазақ оқиғаның мән-жайын айтты
Әлеуметтік желіге шолу

АҚШ-та 3 қара нәсілдіні жайратып салған қазақ оқиғаның мән-жайын айтты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 17.04.2023
Обновлено 17.04.2023 в 11:04
Поделиться
Поделиться

Желіде АҚШ-та Олжас Қаныбекке қарулы топтың шабуыл жасағаны, қазақстандықтың олармен төбелескен видеосы таралды. Ол өзін тонамақ болған 3 жігіттің қаруын тартып алған.

Бұл видеоны анама көрсетпе. Бүгін қару ұстаған жергілікті топ мені тонамақ болды, бірақ менің реакциям оларды таң қалдырды,

деп жазады Қаныбек.

Қазақ жігіті келген дәрігерлерге бокспен айналысатынын айтты:

Келген дәрігерлер «Олар немен ұрды қарумен бе?» деп сұрағанда, отандасымыз: «Иә, қарумен». деп жауап береді. Дәрігерлер одан: «емханаға барғың келе ме?» деп сұрағанда: «ол жоқ, менде бәрі дұрыс. Бұрын бокспен айналысқам» деп жауап береді.

Олжасқа 3 қарулы жігіт шабуыл жасаған. Сумкасында ақшасы мен құжаттары болған. 

Бетіме тапанша тақағанда қорқып кеттім. Бірақ қазақтың жігіттері мықты ғой. Келген полиция қызметкерлері де не деген жүрегі бар жігітсің деп таң қалып жатыр,

дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Олжас Каныбек (@oljas.kanybek)

Мassaget.kz тілшісі отандасымыз Олжас Қалдыбаевпен байланысқа шығып, аталмыш оқиғаның мән-жайын анықтады.

Белгілі болғандай, Олжас Қалдыбаев – Кентау қаласының тұрғыны. Жасы 24-те. 15 күн бұрын АҚШ-тың Майами қаласына оқуға келген

Бұрын мұнай-газ саласында жұмыс істедім. Кейінгі уақытта авиацияда оқып жүрмін. Қазаэронавигация компаниясы ұшуды практикалық түрде үйрену үшін АҚШ-қа оқуға жіберді. Қазір Майами қаласындамын,

дейді ол.

Кейіпкеріміз Кентаудағы Қанат Шағатаев мектебінде білім алған. Мектеп қабырғасында жүріп спортты да жанына серік етіп, бокспен айналысқан.

Ұстазым Мақсат деген бапкер еді. Өте иманды адам.  «Көшеде төбелеспеңдер. Бокс тек өзіңді қорғау үшін керек. Біреуге күшіңді көрсету үшін емес» деп ылғи айтып отыратын. Соның пайдасы тиді,

дейді Олжас.

Олжастың телефон алып сататын хоббиі бар көрінеді. Америкаға келгесін де осы іспен айналысып жүрген. Сайт арқылы айфон 13-тің 200 долларға сатылатынын білгесін, байланысқа шығып, айтылған мекен жайға келген.

Майами Алматыдан 3 есе үлкен. Айтылған жерге 3 сағат жүріп келдім. Өзім ораза едім. Қатты шаршап қалдым. Күн ыстық. Бір кезде «тупик» көшеге тап болдым. Ол жерде бір қара нәсілді жігіт тұр екен. Барып сөйлестім. Байқамай қалыппын оның тағы да екі афроамерикалық досы келіпті. Қолдарында бір тапанша, тағы бір мылтығы бар екен. Қаруын кезеп: «Give me your bag!» деп сумкамды сұрады. Ішінде ақшам, құжаттарым бар еді. Паспортымды алып үлгердім. Сумкамды алып, олар қашты. Алдымызда биік шарбақ бар еді. Содан секіріп өтіп жатқанда ойландым. Әйелім мамыр айының соңында босанатын еді. Соған қалжа керек дегендей, жалпы көп ақша кетеді ғой. Соны уайымдап, мұнда телефон алып сатып жүргем. Ақшаның бәрі сумкада кетті. Намысым оянды. «Не, бәрін соларға жай ғана беріп қоясың ба? Үйге не деп айтам, достарыма не деп қараймын» деген ой келді,

дейді Олжас Қалдыбай.

Осы ойдан кейін кейіпкеріміз олардың ізіне түскен. Бірін аңдып жүріп, ұстап алған.

Байқамай тұрғанда жүгіріп барып, алдымен қаруын жұлып алдым. Басынан қарумен ұрып құлаттым. Құлаған кезде оның айфон 13 телефоны менің ақшамның бір бөлігін алған екен, сол түсіп қалды.  Мен оларды алып жатқан кезде ол қашып үлгерді. Ізінен қуып барып ұстап алдым. Сол кезден бастап видео түсірдім. Одан аты-жөнін, қайда тұратынын сұрадым,

дейді ол.

Дәл осы уақытта бұлар төбелесіп жатқан жердің қасындағы үйден АҚШ азаматы шыққан. Отандасымыз оған тез арада полиция шақыруды өтінген.

Қара нәсілді жігітті отырғызып қойдым. Полиция қызметкерлерін күтіп отырдық. Дәл сол кезде бұзақы жігіттің екі досы оны құтқару үшін қайтып келіпті. Мен оларды байқамай қалдым. Тұтқиылдан арт жағымнан шабуыл жасады. Бірі толықтау екен. Сол мені итеріп құлатты. Тұрып жатқанда тапаншамен маңдайымнан ұрды,

дейді Олжас.

Кейіпкеріміз мұндай кезде абдырамай, оқиғаларды салқынды қабылдаған. Қатты соққыдан есін жоғалтпай, жылдам жағдайды өз бақылауына алған.

Бокс осындайда көмек берді. Үшеуін де ұрдым. Бірінің ұрып тісін сындырдым. Сол кезде қолым жарақаттанды. Бір жігіт жағынан соққы алған еді, қайтып жақындамай қойды. Тапаншасы барының қолын қайырып, бүйрегінің денсаулығын сынап көру үшін 1-2 соққы бердім. Тапаншаны тартып алдым. Содан кейін олар қашып кетті. Тапанша мен тағы бір қару және азын аулақ ақшаны, айфон 13 телефоны менде қалды,

дейді ол.

Полиция қызметкерлері де дер кезінде келген. Алты көлік пен бір ұшақ тез арада бұзақыларды іздей бастаған.

Полиция қызметкерлері қатты таңғалды. Орысша білетін қызметкерді алып келді. Ол: «Біздің Майамиде мұндай жағдай бұрын болмаған. Не деген жүрегі бар жігітсің! Қазірдің өзінде бүкіл полиция арасында аңызсың. Бәрі сен туралы әлі 20 жыл айтатын болады» деді. Сөйтсем Майамиде тапанша кезенгендерден қаймығады екен. Қарсыласпай бәрін бере береді. Себебі атыс-шабыстан бұл жерде көп адам қайтыс болады. Атып кетеді деп тонаушылардан қорқады екен,

дейді отандасымыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Олжас Каныбек (@oljas.kanybek)

ТЕГи: Трендте
Анара Бауыржанқызы 17.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
Әлеуметтік желіге шолуСаясатСпорт

Турлов деген бәле болды…

30.05.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Қоғам

Әдепсіз стэндап-комик жазаға тартылды

24.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?