Бұл сомаға артиллериялық оқ-дәрі, мыңға жуық танкке қарсы Javelin кешені, броньды медициналық көліктер, жарылғыш заттар мен дәрі-дәрмек кіреді.
Пентагонның мәлімдемесі бойынша, жаңа әскери пакетте HIMARS реактивті зымыран жүйелері мен NASAMS жылжымалы зениттік зымыран жүйелеріне арналған оқ-дәрілер, 20 шақты 120 мм миномет кешені мен олардың снарядтары, 155 мм калибрлі 75 мың артиллериялық снаряд, танкке қарсы 1 мың Javelin кешені, 50 брондалған медициналық автомобиль, Claymore миналары бар.
Осылайша Джо Байден әкімшілігінің Киевке бөлген әскери көмегінің жалпы көлемі шамамен 9,8 миллиард долларға жетті.